Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әдебиет және Өнер Институты - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Институт қазақ фольклортану, әдебиеттану және өнертану ғылымдарының орталығы, ғылыми-зерттеу мекемесі. Институт көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақ әдебиеті мен өнері тарихы мәселелері, әдебиет, фольклор, музыка, театр және кино, бейнелеу өнері, мәтінтану (текстология) мен библиография теориясы бойынша зерттеулер жүргізіп, қазақ әдебиеті классиктері шығармаларының академиялық жинақтарын, ұжымдық ғыл. еңбектерді, сериялық басылымдарды шығарады. Соңғы жылдары институт ұжымының күшімен М.О.Әуезовтің 50 томдық академиялық шығармалар жинағын әзірлеп, шығаруда үлкен жұмыстар атқарылды. 1997 жылдан бері осы басылымның 35 томы жарық көрді. Институтта мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Бабалар сөзі» (100 т.; оның 52 т. басылып шықты), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (10 т.), «Қазақ музыкасының антологиясы» (7 т.), «Қазақ өнерінің тарихы» (3 т.), т.б. сериялы кітаптар жарық көрді. Институтта бес сектор (әдебиет тарихы, қазіргі әдебиет және әлем әдебиеті, фольклор және қолжазба, әуезовтану, өнертану) жұмыс істейді. Онда белгілі ғалымдар: Ұлттық ғылым академиясының 3 акадидат, 12 филология және өнертану ғылыми докторлары мен 33 ғылыми кандидат, 3 Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының және 4 Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаттары, т.б. қызмет етеді. Институттың баспа органы ретінде екі айда бір рет «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы» журналы шығарылады.

Тарихы

1933 (1934) жылы қазақ фольклоры мен әдебиетін, музыкасы мен бейнелеу өнерін зерттейтін ғылыми мекеме ретінде құрылды. 1961 ж. Әдебиет және өнер институты болып құрылып, сол жылы маусымда Әуезов есімі берілді.

1963 ж. институт құрамында ғылыми бөлім ретінде Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды.

1996 жылдан бастап бұл мұражай «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығына айналды.

Институт басшылығы

Әр жылдары институт директоры болып М. Базарбаев, Әуезов, Шәріпов, 3. Ахметов, Ш. Елеукенов, Ш. Ыбыраев істеді.

Институттың қалыптасуына Әуезов үлкен үлес қосты. Ол 1943 ж. қаңтар айынан институттың әдебиет секторының аға ғылыми қызметкері, 1946 жылдан - қазақ әдебиеті тарихы секторының, 1957 ж. халық ауыз әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болды.

1946 ж. Ғылым академиясы құрылған кезде академияның тұңғыш толық мүшелігіне сайланды. Институтта жұмыс істеген жылдары Әуезов ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы бойынша, Абай шығармашылығы туралы кеп еңбек етіп, іргелі зерттеулер жазды. Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай, Абай мұрасын зерттеу белімі ашылып, жетекшілік етті, сонда М. Сильченко, Б. Жақыпбаев, Ғ. Сағди, С. Мұқанов т. б. Қызмет етті.

«Қазақ әдебиеті тарихының» (1948, 1960) 1-томының әрі авторы, әрі бас редакторы болды. 1959 ж. «Әр жылдар ойлары», 1962 ж. «Уақыт және әдебиет» деген ғылыми жинақтары жарық көрді. Абайтану ғылымының негізін қалап, 30 жылдан астам уақытын ұлы ақын өмірін, әдеби мұрасын зерттеу, жинақтау, бастыру ісіне арнады. Абай шығармаларының 1933, 1939, 1940, 1945, 1949 ж. толық жинақтары Әуезов редакциясымен жарық көрді. «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты көлемді монографиясы 1967 ж. басылып шықты.

Институтта 1991 ж. Абайтану белімі қайта ашылып, оның құрамындағы шығармашылық топ (3. Ахметов, С. Қирабаев, Қ. Мұқаметханов, М. Мырзахметов, Ж. Ысмағұлов) Абайдың шығармашылық мұрасын басып шығарғаны жене ол туралы ғылыми-зерттеу еңбектері үшін республикалық Мемлекеттік сыйлығын алды (1996). Инсти- тут ғалымдары Әуезов мұрасын 1967-69 ж. М. Базарбаевтың басшылығымен 12 том, 1979-85 ж. 20 том етіп жариялады. 1997 ж. 50 томдық толық жинағын шығару қолға алынды. Әуезовтің шығармашылығы туралы 3. Ахметов, Р. Бердібай, М. Мырзахметұлы, Б. Құндақбайұлы, Т. Жұртбай, Т. Әкімов т. б. еңбектері жарық керіп, кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Институттың қатысуымен Әуезовтің 80 жылдығына арналған салтанатты жиналыстар мен ғылыми-теориялық конференциялардың материалдары «Мұхтар Әуезов - совет әдебиетінің классигі» (1980), 90 жылдығына байланысты мерекелік шаралар мен ғылыми конференциялар материалдары «Мұхтар Әуезов және қазіргі заманғы әдебиет» (1989) жинақтары жарық көрді.

Ұлы суреткердің ЮНЕСКО келемінде аталып еткен 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік сессиясы мен халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, олардың материалдары жеке жинақ болып шықты. Институт ғалымдарының «Мұхтар мұрасы. Наследие Мухтара» атты ғылыми зерттеулер мен мақалалар жинағы екі тілде жарық көрді (1997).

2002 жылдан бастап «Әуезов оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}