Мыжыма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мыжыма —Кейде есімі белгілі адамдар шаңыраққа, үлкенге сәлем беруге әдейі соғады, амандық біледі. Сыйлы кісілерге міндетті түрде мал сойып бас ұсынады. Алайда қонақтар асығыс жүреді. Мұндайда қазақтар мал сойдырмаған кісілерге соған лайық дәм тартатын жолды таба білді. Сондай бағалы тағамдардың бірі — “мыжыма” деп аталатын нан тағам. наннан жоғары тағам жоқ. Екіншіден тез әзірленеді әрі дәмді тағам. Келген кісілерге соятын малға қарамайтынын білген бәйбіше шоққа дереу нан салады, ол ілезде қайнаған шәймен пісіп шығады. Бәйбіше сырлы аяқты алып қарынан сары майды мол салып, оның үстіне тападан жана ғана алынған ыстық нанды турап жіберіп, оң қолымен езеді де қоңақтардың алдына қояды. Тұзды сары майға мыжылған нанның мұндай дәмді болатынын кейбір адамдар әліде білмеуі мүмкін. білікті адамдар мұндай тамақтың күнде жеп жүрген еттен де артық екенің бағалайды.

Қазақтар құрметті, сыйлы қоңақтарға жазда міндетті түрде мал (қой, құлын, тай, бұзау т.б) сояды. Ал, бұл тағамды қазақ халқы майы көп кететінін ескеріп оның құнын лақ сойып қонақасы бергенмен бірдей бағалаған. Мыжыманың бір ерекшелігі тек сары майға (әсіресе қарындағы) ғана езіледі. Қазіргі дүкеннің  ақ майы мен қаймаққа езген нан халық үлгісіндегі мыжымадай болмайды.

Дереккөздер

  • Қазақтың дархан дастарқаны - Алматы "Алматыкітап" ЖШС - 2005 ISBN 9665-24-559-2