Милитаризм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Милитаризм(Үлгі:Lang-laәскери) – жаппай қарулануға, соғысқа әзірленуге, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге бағытталған саясат. Милитаризмге әскери бәсекелестік (бақталастық), сондай-ақ мемлекет экономикасы мен саясатына әскери - өнеркәсіп кешені ықпалының күшеюі тән. Милитаристік елдерде әскерилердің ықпалы басымдық алып, мемлекет дамуының негізгі бағыттары әскери саясатқа тәуелді болады. Сондай-ақ түрлі сылтаулар мен себептерді желеу еткен әскери - саяси басшылық соғысты “қажеттілік” деп бағалауға үкімет пен халықты мәжбүрлейді, ал соғысқа қарсы күштер мен бейбітшілікті жақтаушы қозғалыстар аяусыз қудаланады. Осындай саяси ахуал 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германия, Италия, Жапонияда айқын көрініс тапты. Қазіргі кезеңде дамыған постиндустриалды мемлекеттердің басым көпшілігі милитаристік саясаттан бас тартқан. Милитаризмге жол бермеу мақсатында БҰҰ халықар. шиеленісті бәсеңдету, жанталаса қарулануды шектеу бойынша көптеген шаралар (декларация, конвенция, хаттама, т.б.) қабылдаған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9</ref>

Сілтемелер

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Милитаризм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}