Майя Хажетдинқызы Шығаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Майя Хажетдинқызы Шығаева (21 қаңтар, 1927 жылы Ресей, Астрахан қаласы) – қазақстандық биолог ғалым, Биология ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері. КСРО Өнертапқышы.

Жалпы мәліммет

Еңбек жолы

  • 1949-1952 жж. - ҚазССР ҒА микробиология секторының аспиранты
  • 1952-1956 жж. Микробиология секторы бойынша аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер.
  • 1956-1962 жж. ҚазССР ҒА микробиология және вирусология институтының ғалым хатшысы.
  • 1957-1959 жж. аудандық кеңестің депутаты болды.
  • 1960-1963 жж. «Микроорганизмдердің өзгергіштігі» зертханасының аға ғылыми қызметкері.
  • 1963 жылдың қазан айынан бастап 1972 жылдың мамыр айына дейін ҚазССР ҒА микробиология және вирусология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары және «Микроорганизмдердің генетикасы мен селекциясы» зертханасының меңгерушісі.
  • 1972-2000 жж С.М. Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) микробиология кафедрасының меңгерушісі қызметін.
  • 1975-1985 жж. аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ биология факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
  • 2000 жылдан бастап осы уақытқа шейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультеті микробиология кафедрасының құрметті профессоры болып жұмыс істеуде.

Шығармашылығы

Негізгі ғылыми еңбектері жалпы микробиология мәселелеріне арналған. Шығаева Қазақстанда микробиологиялық зерттеулердің жаңа бағыты – микроорганизмдерді антибиотик, мал азықтық препараттар алуда, сондай-ақ нан пісіру және сүт өнеркәсіптерінде пайдалану мәселелерімен; микроорганизмдердің селекциясы мен генетикалық өзгергіштігін және ұлттық сусындардың (қымыз, шұбат) микрофлорасын зерттеумен; жаңа микроб өнімдерін (полисахарид, жоғарғы беттік-белсенді заттар) алумен; мұнаймен ластанған топырақтың биоремедиациялық технологиясын жасаумен және олардың табиғи және техногенді экожүйелердегі жағдайын бақылаумен шұғылданды. 46 автомобильді куәлік пен патенттің иегері. Шығаеваның жетекшілігімен 7 докторы және 41 кандидаттық диссертация қорғалды. 330-дан аса ғылыми еңбектері мен 10 монографиясы жарық көрді.

Ғылыми еңбектері

  • Химический мутагенез, Алма-Ата, 1980;
  • Микрофлора национальных кисломолочных напитков, Алматы, 1983;
  • Мутагены и комутагены, Алматы, 1994.

Мемлекеттік марапаттары

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған.
  • 1969 жылы «Биология ғылымдарының докторы» ғылыми атағы;
  • 1970 жылы «В.И.Лениннің туғанына – 100жыл» құрмет белгісі;
  • 1977 жылы профессор (атағы);
  • 1977 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің жарлығымен «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
  • 1980 жылы КСРО Білім министрлігінің құрмет белгісі;
  • 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;
  • 1986 жылы «Қазақ КСР Алтын кітабына енгізу туралы» құрмет грамотасы;
  • 1989 жылы «Еңбек ардагері» медалі;
  • 1995 жылы ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты;
  • 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награды «Парасат ордені» мен марапатталды.
  • 1997 жылы «Қазақстан білім беру ісінің үздігі» атағы;
  • 2000 жылы Американың Биография иниститутының «Жыл әйелі» құрметті атағымен ордені;
  • 2001 жылы «Қазақстан тәуелсізідігне 10 жыл» медалі;
  • 2004 жылы «Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі үшін» медалі;
  • 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
  • 2009 жылы Әл-Фараби атындағы алтын медаль иегері.