Кәукен Кенжетаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Кәукен Кенжетаев (шын есімі Әбдірахым; 25 сәуір 1916, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 15 наурыз 2008, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актер, опера әншісі, театр режиссері педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1959). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының және Халықаралық Айматов сыйлығының иегері.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Өмірбаяны

Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1958).

Ойнаған рольдері

Сурет:К.Кенжетаев Қыз Жібек операсындағы Бекежан рөлінде.tif
К.Кенжетаев Қыз Жібек операсындағы Бекежан рөлінде
  • Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Дударайында”)
  • Жанбота (М.Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”)
  • Эскамильо (Ж.Бизенің “Карменінде”)
  • Князь Игорь (А.П. Бородиннің “Князь Игорінде”)
  • Руслан (М.И. Глинканың “Руслан мен Людмиласында”)
  • Демон (А.Г. Рубинштейннің “Демонында”)
  • Алеко (С.В. Рахманиновтың “Алекосында”)
  • Амонасро (Дж.Вердидің “Аидасында”) партиялары – К-тың әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар болды.

Кинодағы рольдері

Сурет:К.Кенжетаев Амангелді операсындағы Амангелді рөлінде.tif
К.Кенжетаев Амангелді операсындағы Амангелді рөлінде

Кенжетаев 1957 жылдан кинофильмдерге түсіп

  • әнші-артист ретінде:
    • “Біздің сүйікті дәрігер”
    • Бауыржан Момышұлы (“Ел басына күн туса”)
    • Нұртаза (“Ән қанатындада”)
    • Танабай (“Тұлпардың ізінде”)
    • Жапас (“Таудағы шынарда”)
    • қарт (“Қызыл тас заставасында”)
    • Базарбай (“Қыз Жібекте”)
    • Қазанғап (“Боранды бекетте”), т.б. рөлдерімен көрермендер ықыласына бөленді.
  • режиссер ретінде:
    • “Жерге қайта оралу”
    • Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Амангелді”
    • С.Мұхамеджановтың “Айсұлу”
    • Е.Рахмадиевтің “Алпамыс”
    • П.И. Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”, т.б. операларды қойды.

Шығармалары

Либреттолары:

  • “Алпамыс”
  • “Алдар Көсенің айласы”
  • “Қалқаман – Мамыр”
  • “Сапар”
  • “Баян жүрек”
  • “Құсни – Хорлан”
  • “Кемпір мен шал”, т.б. опералар либреттоларының авторы

Аудармалары

  • “Сильва”
  • “Тыныш шаңырақ”
  • “Фигароның үйленуі” операларының либреттоларын қазақ тіліне аударған.

Шығармалары

  • “Дархан дарын”
  • “Мәжит Бегалин”
  • “Высокий дар призвания” (орыс тілінде) атты кітаптары жарық көрген.

Педагогтық жұмысы

1979 жылдан Ұлттық өнер академиясында дәріс береді. Кенжетаев концерттік-орындаушылық өнерімен де халыққа жақсы танымал. Репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар, орыс, украин, татар, өзбек халықтарының халық әндері, сондай-ақ, Батыс Еуропа композиторларының шығармалары (ариялар, романстар, әндер) бар.

Гастрольдік сапармен Польша, Моңғолия, Румыния, Түркия, Грекия, Египет, Сирия, Ливан, т.б. елдерде болды.

Мемлекеттік марапаттары

  • «Қазақ КСР Еңбегі сіңген артисі» құрметті атағымен және 1959 жылы «Қазақ КСР Халық артисі» құрметті атақтарымен марапатталған.
  • 1959 жылы Еңбек Қызыл Ту Ордені
  • 1986 жылы Қазақ төңкерісі Ордені
  • Еңбек Қызыл Ту орденімен екеінші мәрте марапатталған.
  • «Отан соғысы» ІІ дәрежелі Ордені
  • КСРОның бірнеше медалдарымен марапатталған.
  • 1985 жылы профессор (құрметті ғылыми атағы берілген);
  • 1996 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасының жоғарғы марапаты «Парасат ордені» мен марапатталған.
  • Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты
  • Айматов атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты
  • ҚР Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009. ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV-том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер