Күміс алқа
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Kүмic алқа» — көп балалы аналарға арналған награда. Қазақстан Республикасының Президентінің 1996 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енген жарлығымен бекітілген. Алқамен сегіз – тоғыз балалы аналар сегізінші баласы бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған ретте марапатталады. Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау кезінде қылмысқа қарсы күресте немесе өзге қызметтік міндеттерін өтеу кезінде қаза болған немесе хабарсыз кеткен балалар ескеріледі. “Kүмic алқа” ҚР ордендерінің мәртебесіне ие болған. Дөңгелек пішінді алқаның жиектері өрнекпен көмкеріліп, ортасында алақанда аяланған сәби бейнесі және шуақты күн бейнесі бедерленген.
Онымен сегіз және тоғыз бала туып тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>
Тағы қараңыз
Сілтемелер
- http://primeminister.government.kz/blogs/abdykalikova_g/questions/33673?lang=kk
- http://arshaly.akmol.kz/a/41/on/read/693/index.html
- http://www.enbek.gov.kz/node/234381
Дереккөздер
<references />
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күміс алқа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}