Кен ісі институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1945 жылы КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің кен ісі секторы негізінде Кен ісі институты құрылды.


Білікті мамандардың ат салысуымен институтта кен өндіруші кәсіпорынның процестері мен ішкі жүйелерін ұтымды жобалау мен басқару мақсатында оларды математикалық модельдеу теориялары негіздері, жер асты қондырғыларының параметрлері мен сипаттамаларының сенімділігін геомеханикалық негіздеу, компьютерлік технологиялар мен адаптивті сұрыптау арқылы құнды кен тазартқыш және пневматикалық тораптарды есептеу мен басқару мәселелерімен айналысатын ғылыми мектептер құрылған. Ғылыми мектептердің жетістіктері, ғыл. бағыттарының маңыздылығы мен олардың ауқымдылығы 1990–2000 жылы өткен халықаралық конгрестерде, конференциялар мен симпозиумдарда Қазақстан ғалымдары жасаған баяндамалар мен мәлімдемелерден байқалды. Қазақстан Республикасының 1993 жылы Акапулько қаласында (Мексика) өткен Бүкілдүниежүзілік тау-кен конгресіне мүше 49-ел болып енуі – Қазақстан тау-кен ғалымдарын халықаралық деңгейде мойындаудың куәсі.

2001 жылы институт құрамында 11 лаборатория, мемлекеттік тілді дамыту, маркетинг және патенттік-лицензиялық жұмыс бөлімдері болды. Институт қызметкерлерінің жалпы саны 162 адам, олардың 88-і ғылыми қызметкерлер. Соның ішінде 19 ғылыми доктор және 43 ғылыми кандидаттары, 1 Ұлттық ғылым академиясының академик мен 3 корр. мүшесі қызмет етті. Институтта бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық өзгерістер жасалды, қопарылыс жұмыстары лабораториясы, шпурлар мен ұңғымаларды зарядтау мен қарапайым қопарылғыш заттарды дайындау механизмдері мен құралдарын шығаратын ғылыми-өндірістік кәсіпорын, тау-кен өндірісі бойынша жобалау-зерттеу орталығы ашылды. Өнеркәсіптегі қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-инженер орталықтың бірлесуімен кен шахтасы мен мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылатын құрал-саймандарды сапалық сынаудан өткізетін базалық лаборатория құрылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың салалық бағдарламасы шеңберінде, институттың механикалық шеберханаларының негізінде қопарылыс лабораториясы бұрғылау станоктарын, бұрғыбастарды қайрау станоктарын, бұрғылау саймандарын, т.б. шығара бастады. Институт Қазақстанның кен өндіруші кәсіпорындарымен шаруашылық шарттарын жасау арқылы байланыстар аясын кеңітуде. Тау-кен ісі институтының құрылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі ескеріле отырып, 1994 жылы 24 ақпанда ҚР Үкіметінің «Д.А.Қонаев есімін мәңгі есте сақтау туралы» Қаулысымен ин-тқа көрнекті мемлекеттік қайраткері Д.А.Қонаев есімі берілді. 1965 жылы Геология ғылымдар институтының гидрогеология бөлімі негізінде Гидрогеология және гидрофизика ин-ты ұйымдастырылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – Қазақстанның аридтік аумағының гидрогеологиясы мен гидрофизикасының іргелі ғылыми және маңызды қолданбалы мәселелерін шешу. Институт республика аумағына қатысты қазіргі заманғы гидрогеологияның барлық бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізеді.

  1. Жер асты суларын картаға түсіру мен олардың әр түрлі генетикалық типтерінің қалыптасу жағдайларының іргелі негіздері жасалды;
  2. көптеген артезиандық алаптар мен жер асты суларының ағындары анықталды;
  3. Қазақстанның жекелеген аймақтарының жалпы сипаттамасы берілген әр түрлі масштабты карталар сериясы құрастырылған;
  4. минералды, термальды және өнеркәсіптік сулардың таралу аудандары айқындалды;
  5. жер асты суларының сандық және сапалық көрсеткіштерінің таралуын болжау мақсатында гидрогеология процестерді қазіргі заманғы компьютерлік модельдеу технологиялары жасалды;
  6. олардың табиғи және пайдалану қорлары мен ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау дәрежесін бағалаудың жаңа әдістері ойластырылды;
  7. өндірілетін кен орындарының сулану деңгейі мен олардағы техногендік процестердің қарқындылығын бағалау мен болжау әдістері бойынша зерттеулер жүргізілген;
  8. мұнай-газ және кентас кендерін іздеу мен болжаудың гидрогеология өлшемдері (критерийлері) жиыны анықталды, сондай-ақ антропогендік факторлардың әсерінен әр түрлі аумақтардың экология-гидрогеология жағдайының өзгерісін болжау әдістері жетілдірілді; суғармалы алаптардың гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайлары зерттеліп, топырақтың сортаңдануы мен батпақтануының алдын-алу әдістері қарастырылды.

Институт ғалымдарына Қазақстанның және КСРО-ның Мемлекеттік сыйлықтары, сондай-ақ Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық табыс етілді. Институт көптеген шет елдермен тығыз байланыс жасай отырып, шетелдік және респ. гранттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Институтқа академик У.М.Ахмедсафин есімі берілген.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер