Ислам өркениеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ислам өркениеті - ислам дінінің құндылықтары негізінде қалыптасқан әлемдік өркениеттердің бірі. Ислам өркениетінің алғашқы нышандары VII ғасырдың басында Хиджаз арабтарының арасында қалыптаса бастады. Оның басты себептеріне Сауд Арабиясы түбегінде көшпелі және қалалық мәдениеттердің жаңа рухани негізде біріге бастауы, ежелгі тайпалық діндердің тоқырауы және жалпыарабтық этникалық сананың пайда болуы жатады. Мұхаммед пайғамбар мен одан кейінгі төрт халифа Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли Әбу Тәліб билігі дәуірі (622-661) және Омейя әулеті (661-750), Аббас әулеті биліктері дәуірінде (750-1258) солтүстікте Еділ өзенінен оңтүстікте Мадагаскарға және шығыста Қытайдан, батыста Францияның оңтүстігіне дейінгі кең аумақта таралған және олармен көршілес аймақтарға да әсерін тигізген ис¬лам діні ықпалымен адамзат өркениетінің өзіндік ерекшелігі бар бір түрі қалыптасты. Ислам өркениетінде араб тілі мен араб жазуы алдыңғы орынға шығып, негізгі ғылым тілі мен мәдениет құралы қызметін атқарды. Орта ғасырлардағы ислам ғалымдары медицина, астрономия, химия, физика, математика, мәдениет, мантиқ (логика), әдеп, философия салаларында көптеген ғылыми жаңалықтар ашып, айтарлықтай табыстарға жетті. Олар ежелгі Грекия, Рим, Ежелгі Шығыс өркениеттері жетістіктерін дамыта отырып, жаңа дәуірдегі батыс мәдениетінің қалыптасуына негіз қалады. Аса көрнекті түркі ғалымдары Әбу насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. ғұламалар өз еңбектері арқылы Ислам өркениетіне үлкен үлес қосты.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ислам өркениеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}