Иван Сафронович Волощук

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Сафронович Волощук (1904, Украина, Кировград облысы Добровеличковский ауданы Евдокимовка селосы1958, Ленгер ауданы) – Социалистік Еңбек Ері (28.3.1948). 1929 – 1942 ж. Талас ауданы жер бөлімінде агроном, Ленгер МТС-нда аға агроном болды. 1942 – 1945 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1945 – 1951 ж. Ленгер МТС-ның аға агрономы. 1951 – 1958 ж. «Победа» ұжымшары басқармасының төрағасы болып, ұжымшар өндірісінің дамуына көп күш-жігер жұмсады. Ол кадрларды тәрбиелеуге, олардың агротехника ғылымының негіздерін игеруіне ерекше назар аударды. Ленгер МТС-нің аға агрономы еңбекшілер депутаттары облысының кеңесінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Отан алдындағы лайықты еңбегін бағалап, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1948 ж. 28 наурыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иван Сафронович Волощук|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}