Иван Гаврилович Слажнев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Гаврилович Слажнев(1913ж.т., қазіргі УССР, Киев облысы.)-Қазақстанның партия, совет қайраткері, 1939 жылдан КПСС мүшесі. 15 жасынан еңбек жолына түсті.

Өмірі

Прилуки ауыл шаруашылығын мехникаландыру техникумын ,Харьков ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрендіру иснтитутын бітірген (1940). 1940-1947ж. Солтүстік Қазақстан облысындағы Майбалық, Суворов МТС-терінде директор, Преснов аудандық партия комитетінің секретары, 1947-1955 ж. облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Қостанай облыстық аткомы председателінің орынбасары, председателі. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Қазақстан КСР Министірінің Кеңестік председателінің орынбасары, Қазақстан КСР дайындау министрі (1955-1962). 1962-1965 ж. Павлодар облысының партия комитетінің 1- секретары, Тың өлкелік аткомының председателі, 1965 жылдан Қазақстан КСР Министрлігі Советі председателінің 1- орынбасары. 1966-]]1975]] ж. КПСС ОК мүшелігіне кандидат, 1971 жылдан Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бюро мүшелігіне кандидат. КПСС 22-25- сьездерінің делегаты. 5-9 сайлау Қазақстан КСР Жоғарғы Советінің депутаты.

Сыйлықтары

2 рет Ленин орденімен, Қазан Революциясы орденімен , 3 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Қолданылған әдебиет

Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 193 бет