Жанақ Сағындықұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанақ Сағындықұлы, кіші Жанақ (1770 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Қайнар кеңшары, Жақсы Абыралы қонысы - 1856 жыл, қазіргі Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы “Хан сүйегі” деп аталған жер) — ақын. <ref>Жанақ Сағындықұлы</ref>

Әкесі туралы

Әкесі Сағындық сол өңірге белгілі аңшы болған. 1748 - 58 жылдары қазақ-қалмақ соғысында мергендігімен көзге түскен.

Өзі туралы

Жанақ ауыл молдасынан дәріс алып, хадимше хат танып, діни білім алған. Сағындық құсбегі кейіннен Жанақты Түркістан өңіріндегі Қарнақ медресесінде, Ташкент қаласындағы медреседе оқытқан. Жанақ жас кезінен өнер жолына түсіп, домбыра, қобыз тартып, жыр-дастандарды жатқа білген. Жанақ 1790 - 97 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, қозғалыс жаршыларының бірі болған. Туып-өскен жеріне ауылын бастап көшіп, шамамен 1838 - 39 жылдары Ұлытау өңіріне қоныстанады. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының халық арасына көп тараған нұсқасын сонда айтып, шығарған. 1839 жылы Жақсы Абыралыға көшіп келіп, ел-жұртымен табысады. 1846 ж. жазда ел аралаған поляк А. Янушкевич жазған Жанақ — осы кіші Ж. ақын. Жанақ шығармаларының көпшілігі сақталмаған. “Рүстем төреге” толғауы мен біраз өлеңдері ғана жеткен.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}