Еслям Баукенұлы Баукенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баукенов Еслям Баукенұлы 1915 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданы Қарағаш ауылдық кеңесінің Әлибай ауылында туған. Еңбек жолын 1933 жылы Мамлют ауданындағы «1 Май» ұжымшарында есепші болудан бастады. Содан кейін осы ұжымшардың басқарма төрағасы болып сайланады. 1936­-1939 жылдары және 1941­-1945 жылдары Кеңес Әскері қатарында болды. 1950 жылдан «Луч Ленина» ұжымшарының төрағасы қызметін атқарды. 1961 жылы сауын сиырлар гуртының бригадирі, кейін «Березовский» кеңшары бөлімшесін басқарды. 1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Еслям Баукенұлына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Екі рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.Өзінің еліне еңбегі сіңген азамат.Бұл жайлы халқы мойындаған.


Дереккөздер

Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011