Еркін Тілепбайқызы Тазабекова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Еркін Тілепбайқызы Тазабекова (1956 жыл, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1997), профессор.
Еңбек жолы
- 1978 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген;
- 1978 жылдан осы оқу орнында кіші, аға ғылыми қызметкер, аспирант, ассистент, доцент қызметтерін атқарды;
- Қазіргі кезде сол оқу орнында профессор.
Ғылыми еңбектері
1995 жылы «Ферментативная активность почв Республики Казахстан и пути ее регулирования» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref> Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1 </ref>