Еркін Нұржанұлы Әуелбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еркін Нұржанұлы Еркін Нұржанұлы Әуелбеков (1930, қазіргі Ғабит Мүсірепов ауданы Жаңасу ауылы —1999, Алматы) — мемлекеттік және қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1973).

Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1953). Солтүстік Қазақстан облысының Коноваловский МТС-нда бас агроном, директор; Марьевский кеңшарында директор болып қызмет атқарды. 1961 — 65 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық партия комитетінің 2-хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы; 1965 жылы ауыл шаруашылығы министрінің 1-орынбасары; 1968 жылы Қазақстан Астық өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі; 1968 — 85 жылдары Көкшетау, кейіннен Торғай облысы партия к-ттерінің 1-хатшысы; 1985 — 88 ж. Қызылорда облыстық партия комитетінің 1-хатшысы; 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар кеңесінің ұлттық саясат және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары; 1991 — 92 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Әуелбеков Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жұмыстарының жүруіне үлкен үлесін қосты. Үш мәрте Ленин, Октябрь революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендері, медальдармен марапатталған. Ғ. Мүсірепов атындағы аудан орталығында ескерткіш орнатылған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Сыртқы сілтеме

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}