Досжан Қожбанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Досжан Қожбанұлы (1830, Каспий мен Нарын құмы арасындағы Астрахан губерниясының 1-округіне, 8-старшинасына қараған өңір - 1908) -төкпе ақын.

Кіші жүз Жетіру тайпасының Тама руынан шыққандықтан "Тама Досжан" атанған. X. Ерғалиевтің атасы. Арабша сауаты болғанымен өлең, толғауларын көне жыраулар дәстүрімен ауызша шығарып, кейін хатқа түсіріп отырған. Досжанның "Ей, жақсылар, жаксылар", "Даңғалға", "Мұқашқа ұлы Жәмілжанның қазасын естіртуі" дейтін өлең, толғаулары бар. "Ал, ием, ақ сұңкар құм колыңда" деп басталатын толғауы Қазан қаласындағы ун-ті кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сакталған. Бірқатар өлең, толғаулары "ХІХ ғасырдың қазақ поэзиясы" (Алматы, 1985), жинағында, Ө.Әлімгереевтің "Мақаш әкім" (Гапюшкин, 1992) кітабында жарық көрген. Досжан өлең, толғауларында заман халі, өмір мәні, тіршілік сәні, өтпелі дәурен, кісілік қасиет туралы келелі ойлар айтады. Бейнелі де, әсерлі сөздерден, ақындык арынмен тебіріне толғайды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}