Дипломатиялық дәреже
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дипломатиялық дәреже - дипломаттарға атқарып жүрген қызметтеріне қарай үкімет тарапынан берілетін ерекше белгі. Берілу реті мен тәртібі әрбір мемлекеттің ішкі заңдары- на қарай реттеліп отырады. Дипломатиялық дәреже алғаш рет XIII ғасырда Батые Еуропада "ambassador" деген атпен пайда болды. XV ғасырдың аяқ кезінде диломаттар 2 дәрежеге ("амбассадор" және "мандатарио") болінді, ал XVII ғасырда оған қосымша "елші уәкіл" деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің заңдары бойынша мынадай дипломатиялық дәрежелер қарастырылған: атташе, хатшы, кеңесші, уәкіл немесе елші. Бұған қоса аталған дәрежелердің сатьшары да болуы мүмкін. Мысалы, Ӏ-класты кеңесші, ӀӀ-класты кеңесші және т.с.с. Елшінің немесе уәкілдің қызмет атақтарын әдетте мемлекет басшысы береді, ал басқа қызмет дәрежелерін сыртқы істер министрі өзі бекітеді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 12 қарашада қабылдаған "Дипломатиялық қызмет туралы" Заңы бойынша төмендегідей дипломатиялық дәрежелер белгіленген:
- Атташе;
- ӀӀӀ-хатшы;
- II класты ӀӀ-хатшы;
- II класты Ӏ-хатшы;
- I класты Ӏ-хатшы;
- II класты кеңесші;
- I класты кеңесші;
- II класты төтенше және әкілетті уәкіл;
- I класты төтенше және өкілетті уәкіл;
- Төтенше және өкілетті елші.
Тағы қараныз
- Дипломат
- Дипломатия
- Дипломатия жаршысы
- Дипломатиялық актілер
- Дипломатиялық ерекше пұрсатты жағдай
- Дипломатиялық тіл
- Дипломатиялық қатынастар
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дипломатиялық дәреже|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}