Джованни Сартори

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Сартори Джованни Үлгі:Lang-it (Туған 13 мамырда 1924 жылы Италия Флоренция, - 4 сәуірде 2017 жылы Италия Флоренция,) - итальяндық саясаттанушы, саяси компаративистика, саяси партиялар социологиясы, демократия теориясы, элиталар теориясы саласындағы ірі зерттеушілердің бірі. Дж.Сартори өзінің "Демократиялық теория" атты еңбегінде көп жақтан полиархия тұжырымдамасына ұқсас демократия теориясын ұсынады. Итальяндық ғалым тұжырымдамасының басты белгісі - оның демократиялық жүйелердің тұрақтылық мәселесіне ерекше назар аударатыны. Сарторидің ойынша, демократиялық идеал саяси тәртіптің ең басты деген негіздемелерін бағалаудың дерексіз белгісі қызметін атқара алады, алайда оны шын мәнісінде қолдану әрекеттері айтарлықтай шектеулі болуы қажет. Осы орайда мүлдем парадоксалды жағдай қалыптасады. Демократиялық идеал қоғамдық әрекеттестіктің осы жүйесінің ең жоғары деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірақ демократиялық жүйе орнығып, тұрақтылыққа ие болғаннан соң-ақ идеал екінші орынға шығуы керек. Демократиялық идеал демократиялық саясаттың шынайы мәселелерін шешуде көмек көрсете алмайды. Керісінше, шынайы мәселелер идеалдың абсолютті талаптарынан көріне бастаған кезде демократияның жойылу қаупі төнеді. Сарторидің пайымдауынша, демократияға ең көп қауіп төндіретін әлдебір "ақсүйектердің" олигархиялық дәмеленулеріне төтеп беруге қабілет- сіздік емес, демократиялық бірыңғай күшті жетекшілердің орнын әлеуметтік- саяси бағыты авторитарлы немесе тоталитарлы сипатқа ие демократиялық емес қауым топтарының басу мүмкіндігі болып табылады. Сартори саяси партияларды "қоғам мен өкімет арасындағы басты дәнекерші" ретінде қарастырған. Ол қазіргі партиялық жүйелерді партиялық бәсекелестік негізінде 7 түрге бөлген:
1) бірпартиялық жүйе;
2) гегемон партиясы бар жүйе;
3) басым партиясы бар жүйе;
4) екіпартиялық жүйе;
5) шектелген плюрализм;
6) шектен шыққан плюрализм;
7) бөлшектенген жүйе. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Марапаттары

* 2005Әлеуметтік ғылымдар Астурия сыйлығының ханзада». лауреаты

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Джованни Сартори|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}