Галина Николаевна Шалғымбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Галина Николаевна Шалғымбаева (1961 ж. 13 сәуірде, Свердловск облысы Богданович қаласы (РКФСР) туған) - «GALA Invest Consulting» ЖШС президенті, Экономика ғылымдарының кандидаты (1997).

Өмірбаяны

  • 1983 ж. Н.А. Вознесенский атындағы Қаржы экономикалық институтын бітірген, экономист.
  • 1983-95 жж. - ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс басқармасының экономисінен шаруашылық жүргізудің жаңа формалары, ақша айналымы мен бағалы қағаздар басқармасының бастығына дейін қызмет атқарды.
  • 1995-2001 жж. - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының комиссия мүшесі - атқарушы директоры.
  • 2001-04 жж. - ҚР Ұлттық банкінің департамент директорының орынбасары.
  • 2004 ж. - ҚР-ның қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің департамент директоры.
  • 2004-06 жж. - ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі.
  • 2006 жылдан - «GALA Invest Consulting» ЖШС президенті.

Марапаттары

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Еңбектері

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы проблемалары бойынша 30-дан астам ғылыми мақаланың авторы.

Ұстанымдары

  • Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Кәсіпқойлық».
  • Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Көргенділік, ұқыптылық, жауапкершілік».
  • Қазақстан қаржы аясына талдау: «Соңғы жылдары қор нарығын мемлекеттік реттеу деңгейі мен оның қажеттіктері (мүмкіндіктері) арасындағы үйлесімсіздік ұлғаюда. Қазақстан посткеңестік кеңістікте бағалы қағаздар нарығының ілгері дамуы мәселесінде көшбасшылықтан айырылды. Отандық эмитенттердің қор нарығына белсенді шығуына жағдай жасау керек, халықты өз қаржысын қаржы институттарына инвестициялауына белсенді қатыстырып, сауда үшін баламалы алаңша құру қажет».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Дереккөздер

<References/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}