Бұқаралық саяси қозғалыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұқаралық саяси қозғалыстар - тап, топ, жік немесе тұтас қоғамның алдында тұрған әлеуметтік саяси мәселені түсінетін, осы мәселенің шешімін табатын жолдарға ортақ көзқарастағы және өмірге қажетті өзгерістерді енгізу үшін ерікті түрде бірігетін тұрақты, көпшілік адамдар қауымдастығы. Бұқаралық саяси қозғалыстар қоғамдағы алатын орнына қарай нақтылы бағаланады. Сырттай көзқарас бойынша, Бұқаралықсаяси қозғалыстар төрт бөліктен құралады: біріншіден, бұқаралық негізі - Бұқаралық саяси қозғалыстар сүйенетін үлкен топ (жік, страта, тап) немесе қалың көпшілік. Бұл негіз әртүрлі белгілермен анықталады. Таза әлеуметтіктен басқа, жыныс, жас, ұлттық ерекшеліктері, кәсібі, діни сенімі негізінде бірігулер болады. Екіншіден, Бұқаралық саяси қозғалыстар мақсаты және күш жұмсау салалары. Мақсаты тек саяси емес, таза кәсіби, мәдени, рухани, экологиялық және т.б. болуы мүмкін. Олар тіпті, жыныстық (әйелдерді азат ету, сек суалдық азшылықтардың құқы), демографиялық (зейнеткерлер, жастар қозғалыстары) немесе т.б. болуы мүмкін. Бірақ, қашан да олар әлеуметтік сипатта болады, өйткені олардың басты мақсаты мүшелерінің санын көбейту және күш жұмсау салаларын кеңейту. Үшіншіден, Бұқаралық саяси қозғалыстар ұйымдасу деңгейімен сипатталады. Олар сырттың әсерісіз, ішкі себептермен пайда болған және әдейі қолдан ұйымдастырылған болуы мүмкін. Жаңа мүшелер өздігінен қосылып, мақсатты түрде іріктеліп алынуы ықтимал. Төртіншіден, Бұқаралықсаяси қозғалыстар идеологиялық бағытымен сипатталады. Бұқаралық саяси қозғалыстар пайда болу тетіктері адамдардың саяси, экономикалық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауымен байланысты. Қанағаттанбаған қажеттіліктер қашан да наразылықтар туғызады, фрустрацияға, күштің басқа арнаға бұрылуына әкеледі. Сезім әрекетіне бой алдырғыш ширығушылық, алаңдаушылық, қобалжушылық күй қалыптасады. Осы күйде адамдар араласу, пікір алмасу арқылы жағдайларының ортақтығын түсінеді. Осындай қобалжулар нәтижесінде тұтас қауымдастықтар қамтылады. Әдетте, Бұқаралық саяси қозғалыстар саяси партиялармен тығыз байланысты. Партия үгіт-насихаттың күштілігімен және нақтылы немесе виртуалды мысалдар күшімен ерекшеленеді. Партиялық ұйым тұйық "діңгек", оның міндеті - бұқараны жұмылдыру.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұқаралық саяси қозғалыстар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

fr:Révolution ru:Русский