Бұғылы-2

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұғылы-2қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қоныс орны. Қарағанды облысы Шет ауданы Бұғылы-1 қонысынан солтүстікке қарай 1,5 км жерде, Шопа өзенінің оң жақ жағалауында. 1961 — 63 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген. Қарсы бетінде үлкен Бұғылы-2 қорымы орналасқан. Қоныста 30-ға жуық іргесін таспен қалап өрген төртбұрышты құрылыс орындары сақталған. Бір-біріне іргелес орналасқан екі үй орны зерттелді. Үйлердің пішімі төртбұрышты, іргесін тастан қалаған. Үй ішінен 1 — 2 тас ошақ, 1 — 3 шұңқырлар ашылды. Сонымен қатар көптеген қыш ыдыстар, тас түрен, т.б. құрал-саймандар, мал, аң сүйектері табылды. Бұл заттар қоныс тұрғындарының мал өсіріп, егін егіп, аң аулауды кәсіп еткенін, мыс балқытып, жүн, тері, саздан, сүйектен тұрмысқа қажет заттар жасағанын көрсетеді. Қоныс тұрғындары б.з.б. 14 — 11 ғасырларда тіршілік еткен.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұғылы-2|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}