Будапешт клубы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Будапешт клубы - адамгершілікті әрі тұрақты әлем құруға септігін тигізетін шығармашылық адамдарын біріктіретін қоғамдық, бейресми қауымдастық. Клубтың құрылтайшыларының және ұйымдастырушыларының бірі - 1993 жылы Рим клубына балама құру жөнінде ұсыныс айтқан белгілі венгр ғалымы Эрвин Ласло. Будапешт клубының құрметті мүшелері белгілі саясаткерлер, қоғам және дін қайраткерлері, әртістер, жазушылар, ғалымдар. Бұл адамдарды біріктіруші негізгі идея қазіргі әлемнің ғаламдық әзгерістерге ұшырауы: ескі құндылықтардың орнына жаңалардың келуі, осы орайда өзімізді әзгертіп барып қана әлемді әзгерте алатынымызды түсіну аса маңызды. Будапешт клубы әзінің негізгі борышын рухани мәдениеттің ең жақсы әкілдерінің шығармашылық күшін бір-бірімен тығыз байланысты әлемдегі жеке тұлғалардың, мекемелердің, мемлекеттердің және тіпті, бүкіл адамзат баласының ортақ игіліктер үшін бірігіп, бейбіт ғұмыр кешуінің жолдарын іздестіруінен көреді. Бүл идея 1996 жылы 27 қазанда Будапешт клубының салтанатты мәжілісінде қабылданған "Планеталық сана рухы жөніндегі Манифесте" қаралған. Онда жауапкершілікті іс-әрекет пен өмір салтының шарты ретінде жаңаша ойлауды қалыптастыру қажеттігі анықталған; планеталық санаға көшуге үгіттеу бар. Планеталық сана шын мәніндегі өзара тәуелділікті сезіну және білу ретінде анықталады. Планеталық сананы дамыту - "жоғарыдан" басқарылатын әлемнің орнына өзін-өзі басқаратын әлем орнауының кепілі. Алға қойған мақсатқа жету үшін жекелеген тұлғаларда, қауымдастықтарда, қоғамдық институттарда планеталық сананы қалыптастыруға негізделген бірнеше халықаралық жобалар жасалды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Будапешт клубы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}