Борис Александрович Дьячков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Борис Александрович Дьячков(20 қаңтар 1935 жылы туған, Ресей, Дондағы Ростов) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1987), профессор (1994), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003).

Өмірбаяны

Дондағы Ростов қаласындағы мемлекеттік университетті бітірген (1958), 1958–60 ж. Тарғын геологиялық түсірім экспедициясының инженері, 1960–68 ж. Алтай геологиялық түсірім экспедициясында партия бастығы, 1969–76 ж. Шығыс Қазақстан өндірістік геологиялық бірлестігінде аға инженер, Өскемен геологиялық барлау экспедициясының бас геологы (1976–77). Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтының Алтай бөлімшесінде асыл және сирек металдар лабораториясының меңгерушісі (1977–88), бөлімше меңгерушісінің орынбасары (1988–93) қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері гранитоидты магматизмнің қайталамалы дамуының теориялық моделіне және сирек металдар металлогениясына арналған. Дьячков Қалба алтын кенінің Көніш кешенінің плагиогранит-гранодиоритті интрузияларымен генетикалық байланысын дәлелдеді. Жер қыртысының геотектоногендік сатылы дамуын, АлтайШыңғыстау кенді белдеуі мен әр түрлі тереңдіктегі жылжымалы белдемдердің даму моделін негіздеді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}