Бонапартизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бонапартизм - армияға, полицияға, тармақталған бюрократияға сүйенетін антидемократиялық, авторитарлық билік жүйесі. Бұлтақтау саясатын билік үшін талас кезінде әлеуметтік топтар арасында жүргізілетін әскери-саяси диктатура. Бүл термин негізінен бастапқы кезде Наполеон Бонапарт және Луи Бонапарттың әскери диктатурасын белгілеу үшін қолданылған. Н.Бонапарттың бастамасымен 1799 жылы Францияда осы әскери диктатура орнатылды. Екінші рет 1851 жылы 1848 жылғы Ф. революциясынан кейін Л.Бонапарт өз диктатурасын XIX ғасырдың аяғына дейін жүргізді. Бүл диктаторлық тәртіптің түрі әскер мен бюрократиялық аппаратқа сүйенген. Бонапартизмнің негізгі үш фундаментальді белгілері: мемлекеттік машинаны бақылау (немесе оны орнатуға ұмтылу); армияға сүйену (немесе оны саяси күш ретінде пайдалану); әлеуметтік топтар арасындағы проблемаларды тез шешу (немесе қанаушылардың мүдделерін қорғау). Бонапартизмнің классикалық саяси талдауы К.Маркстің "Луи Бонапарттың он сегізінші брюмерасы" атты еңбегінде нақты тұжырымдалған. Маркс бойынша, Бонапартизм - белгілі бір әлеуметтік күшке сүйену. Кейіннен Германиядағы О. Биссмарктың саясатында, Ресейдегі Керенский және Столыпиннің саясатында айқын көрініс тапты. Бонапартизмнің қырларын Сталин саясатынан да көру қиынға түспейді. XX ғасырда необонапартизм пайда болды. Ол Латын Америкасындағы Пиночеттің диктатурасымен тығыз байланысты.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бонапартизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}