Болған ана күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болған ана күмбезі -ортағасырлық сәулет өнері ескерткіш! Сарысу мен Қаракеңгір өзендерінің құйылысында, Қаражар шатқалында орналасқан. Аңыздарда Болған анайы Алаша ханның келіні деп те айтады. 1990 ж. Алматы архитектура және құрылыс институтының экспедийиясы (жетекш. Е.Бәйтенов) зерттеген. Кесененің қасбетіндегі арқалы, порталды кірер аузының айналасы куыстана қаланып, қабырғаның өрнегі ретінде жасалған. Бөлменің төменгі шаршы бөлігінің күмбез шеңберіне әтер тұсындағы бұрыштары арқалы тромпты тәсілмен өрілген. Тромп қолтықшалары қосарланган кірпішті қиғаштау бұрышын шығара қалау арқылы өрнектелғен. Ескі сылақтың қалдығы П тәрізді порталдық арканың белдеуі мен жапсырылған әшекейлі қыш тақташалардың террақота түсті болғанын көрсетеді. Порталдың ширек бұрышты бағаналары мен басқа қабырғалары түгел ақ түсті. Көрнекі жерге салынған Болған ана күмбезі алғашқы нұсқаларында өте әдемі болғанға ұқсайды. Ол осы өңірдегі кейінірек салынған кесенелер архитектурасына (Ақтыбай, Қауқабай, т.б.) да әсерін тигізген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}