Бегеш Сабанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бегеш Сабанұлы (1834-1911) - Абайдың досы, шешен, Керей руының азаматы.


Ақын да досқа адал, жүйрік, әділ Бегешті құрмет тұтқан. Сондықтан да Абайдың: «Керей маған Бегешін берсе, мен Тобықтының игі жақсыларының бәрін берер едім» деген сөзі ел арасына тарап кеткен. Бейсембаев Серікбай (1912-89) - тарихшы, тарих ғылыми докторы, ҚазССР ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ғалымның негізгі зерттеулері Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс және ұлт саясаты, халықтар достығы мәселелеріне арналған. Қазақстанның бұрынғы одақтас республикалармен, туысқан Орта Азия халықтарымен мәдени-экономик. және саяси қарым-қатынастарының қалыптасу жолына барлау жасап, тарихи тұрғыдан баға берген. Бегештың орталық үкімет пен жергілікті әкімшіліктердің байланысын баяндайтын еңбектері елде үстемдік жүргізген коммунистік биліктің нәтижелерін айқын танытады, коммунистік идеология негіздерін айқындайды. Бегешқа ҚазССР ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындындағы сыйлығы берілген.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Бегеш Сабанұлының өмірбаяны

Бегеш Сабанұлы - 1834-1911 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың аса алғыр, ділмәр атақты биі. Бегеш шешен ұлы Абаймен қатарлас, замандас, қимас дос болған. Талай жиын-билік кенестерде екеуі бірге жүріп, талай елдің тағдырын бірге шешіскен. Абайсыз, Бегешсіз дау бітімін таппаған. Бегеш Абайды "Қазақтан шыққан жеке дара данышпаным, ақылгөйім, ардағым" деп, оның кемеңгерлігін жоғары бағаласа, Абай Бегешті: "Бұл өңірде Бегештен асқан шешен жоқ, Керей маған Бегешін берсе, мен Тобықтының барлық игі жақсыларын берер едім", - деп қасынан орын берер екен.

Сол Бегеш шешен қазіргі Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бақанас өзенінің бойында 1834 жылы туып, 1911 жылы 77 жасында дүниеден өткен. Қазақ шежіресінде Бегеш шешеннің ата-тегі былайша талданады: Абақ Керейден Жастабан - Бегімбет - Бекназар - Қожакелді. Қожакелдіден Алыбай, Жанбай, Көлбай, Нұрбай - (Жанбай батыр туралы Керей Қабаш ақынның "Ер Жанбай жарғыш болған Абылайға" деген сөзі бар). Сол Жанбай батырдан - Жарылғап, Есенбай, Манабай, Айбас, Майбас деген бес ата тарайды. Манабайдан Арабай, Дарабай, Борабай, Ноқат, Аба, Баспақ, Елемес деген алты ұл өрбиді. Дарабайдан кәдімгі Біке шешен туған. Ноқаттан - Ырғызбай, Ошақбай, Қаскай, Уан, Бөгісбай. Ал, Сабаннан Бегеш шешен туған. Сонда Бегештің әкесі Сабан Бікемен немере.

Бікенің Бегештен 40 жастай үлкендігі бар. Яғни, Бікені Бегештің немере ағасы деуге болады.

Жанбай батырдың Есенбайынан Жанақ, одан Бітен, Бітеннен Құрымбай, одан Мағауия, одан Мұкан. Бүгінгі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы әрі ғалым Мұхтар Мағауин сол Жанбай батыр мен Есенбай байдың ұрпағы.

Жанбай 1742 жылы үш жүздің 180 рубасы көсемі бекіткен, Ресеймен арадағы достық құжатына қол қойған батыр (шөбере ағасы Бәйсейіт би, туған ағасы Алыбай батырмен бірге). Шығыс Түркістан тарабына Керейді бастап көшкендердің бірі. Байлығы Есенбай мен Манабайға, батырлығы Айбасқа қоныпты.

Бұдан соңғы жерде Есенбай ұрпақтары кедейленіп, байлық та, билік те Манабай әулетіне көшеді. Ноқат "қойлы бай" атанған. Жастабанның биі Томан (Абылай немересі) кедей екен, Ноқат намыс көріп, қыз айттырып, қалыңмалына 600 қой айдап апарып беріпті. Манабай - Ноқат әулеті бай болып, біразы көмпескеге ілінді. Бегештен соң бас көтерген би Уан екен. Есенбай Әулетінен Құрымбай да (жазушы Мұхтар Мағауиннің бабасы), би болған Абаймен жақын дос екен. 1886 жылы Абайды өзінің ата қонысы Көпбейітке жайлауға әкеліп қондырған. Бегештің балалары: Сүгір, Еркімбай, Барбосын, Ербосын. Сүгірден ұрпақ жоқ. Еркімбайдан Молдақаш, Боқан, Әулен деген үш ұл туады. Молдақаштан Бердеш туады.

Барбосынның қызы Жәкен Аягөз қаласында тұрады. Әулен Кырғызстанда балалы-шағалы. Ұлы Бақтыбек Бегешов - Жамбыл қаласында қызмет істейді.

Бегеш өте шешен, тапқыр би болған адам болса керек. Өз елінде аз уақыт болыс болған. Үлкендер Бегештің ауылының үстінен өткенде "Болыс ауылынан өттік" - деп айтады екен.

Бегеш Сабанұлының туралы әңгімелер

Бегеш Сабанұлының туралы әңгіме

Абай үйінде отырып, өзінің замандасы, досы, керей Бегешке: "Дауасыз не, арзан не, кымбат не?" - деп сұрапты.

Бегеш оған: "Даусыз - кәрілік, Арзан - өтірік, Қымбат - шындық", - деп жауап беріпті.

Абай: "Енді сендей Бекназар-Қосайдан ұл туа ма екен?" - деп, оған риза болыпты.

Бегеш Сабанұлының туралы әңгіме

Бегеш пен Абай арасындағы осындай шешендік, тапқырлық сөздер өте көп айтылған.

Жолдастарымен жайлаудағы Абай ауылына келіп түскен Бекеш тобы кіріп келгенде Абай: "Бегеш замана-заман болады, қарағай бастық шортан шалады" - деген не сөз деген екен.

Сонда Бегеш:

- "Абайжан, бұл сұрағыңа мына жас ақын жауап берсін, қасындағы Уәйісті нұсқаған екен. Қолындағы домбырасын кағып алып жіберіп, сондағы Уәйістің айтқаны:
Замана-заман бола алмас,
Қарағайды шортан шала алмас.
Заман ақыр болса егер,
Құнанбайдың баласы
Шақпақты жайлап алмас...

Сонда төрде отырған Абай: "Ой тіліңе шоқ түссін, Бегеш! Жас ақынның аузына сөз салып тұрған сен екенсін ғой" - деп қонақтарын төрге шақырыпты.

Бегеш Сабанұлының туралы әңгіме

Тобықтының игі жақсыларымен әңгіме-дүкен құрып отырған Абайға қасындағылары: "Осы, Абай аға, керейдің "бір жұдырықтай шалы Бегеш келсе бізді елеп-ескермей, бар ынтаңыз сол кісіге ауып кететіні несі!" - деп, өкпелей, қызғана сұрақ қойыпты. Абай: "Бегештің жөні бөлек, ол жанып тұрған от қой", - депті.

Сөйтіп отырғанда ас алдарына келіп, енді ет турала бергенде Абай табақтас қасындағы кісілерге: "Астың алды не, арты не?" - деп сұрапты. Сонда отырғандардың біреуі: "Астың алды - бас, арты - жамбас" депті. Екіншісі: "Алды туралған ет, арты сорпа",- деп әртүрлі жауап айтылады.

Сол кезде ауылға Бегеш келіп түсіп жатыр деген хабар Абай үйіне де жетеді.

- Ассалаумағалейкум - деп кіріп келген Бегешке сәлемін алған соң Абай оң жағынан орын беріп, асқа отырғызады да: "Беке, осы астын алды не, арты не?" - деген сұрағын қайталайды.
- Ой, Абайжан, соны да білмейсің бе, астың алды - бісіміллә, арты - аллауахпар емес пе, - деген екен.

Бегеш Сабанұлының туралы әңгіме

Абай үйінде Тобықты елінің бір топ игі жақсылары бас қосып, дастарқан басында мәжіліс құрып отырады. Ауыл маңынан біреулер мал айдап бара жатыр, деген хабар естіледі.

- Кімдер екен? Біліңдерші? - дейді Абай.
- Бегештер рой, - дейді біреуі.
- Ө-ө, олай болса шақыр! - деген Абай. Отырғандардың біразы жадырай дуылдасып:
- Керейдің ары өткен, бері өткен біреулерін шақырып алып, төрдегілерімізді төменге, одан кейінігілерімізді босағаға дейін ығыстырасың. Абай, осының жөн бе? Бегеш сонша кім еді? - десіп даурығып, өздерінің жуандық ірілігін көрсеткісі келеді.
- Сендер қазір Бегеш кіріп келгенде орындарыңнан бірің де тапжылмаңдар. Төрге шығармағандарыңды мен көрейін. Оның кім екенін сонда білесіңдер - депті Абай.
- Ассалаумағалейкум - деп Бегеш табалдырықтан оң аяқпен аттай бергенде Абай алға қарай көтере сілтеген оң колының алақанымен тоқта деген ишарат білдіріп, Бегешті тоқтатады.
- Мыналар қу деген қандай болады деп таласып отыр. Сен айтшы мұның жауабын, - дейді Абай.
- Қу сенсің, - депті Бегеш алғыр, жылдам шапшаңдығына басып.
- Мен қу емес, сен қу, - дейді Абай, - Ел-елді аралап келіп, не түрлі жақсы-жайсаң, жүйрік шешендердің аузынан шыққан сөзді естіп, ұғып аласың да, менің сөзім деп ел-жұртқа жаясың.

Сонда дастарқанды айнала алқа-қотан отырған адамдардың сыртын орай доғаша иілген аласа кітап сөрелеріне көзі тускен Бегеш:

- Абай, сен анау сөрелердегі араб, парсы, шағатай, орыс, орман дейсің бе неше түрлі жұрттардың әйгілі ғұлама-ғалым оқымысты кісілерінің сөздерін оқып аласың да, тонын айналдырып әкеп, менің сөзім еді дейсің. Мен болсам, бір қазақтың ішін ғана аралап, ауыздан шыққан асылды теріп, ел кәдесіне асырамын. Сөзді әр елден жинап-терген сен менен де өткен қу болдың ғой, - депті.

Сол екі арада үйде отырғандардың барлығы орындарынан тұрып, Бегешті қол берісіп қошаметтеп, оны төрге шығарады.

- Құр босқа таласасыңдар. Сендер Бегеш бола алмайсыңдар. Бегеш болам десеңдер, жүр кәне, сыртқа шығайық, - дейді Абай. Бәрі де қотарыла көтеріліп сыртқа шыққаннан кейін Абай:
- Мына есіп тұрған желден бір-бір уыс жел ұстаңдар, - дейді.
- Оу, ол заманда, бұл заман желді ұстаушы ма еді? - деп жамырасқандарға:
- Бегеш соғып, есіп тұрған қызыл жел емес пе? Сендер оны ұстаймын дейсіңдер. Жел ұстатушы ма еді, - деп Бегешке тоқтамды баға берген екен Абай.

Бегеш би Абайменен әрі дос, әрі сыйлас, әрі құрдас адам екен.

- Дана кім, ақылды кім? - деп сұрапты тобықтының үлкендерінің бірі сол отырыста.
- Дана да, кемеңгер де Абай, - депті Бегеш. - Содан соң ғой, оза сөйлейтінім. Мен бұзылсам, Абай түзейді. Абай бұзылса, кім түзейді? - деген екен Бегеш.

Бегеш Сабанұлының туралы әңгіме

"Не дейсің, Абайды бір әпербақан озбырлар таяққа жығып кетіпті, Абайды сабал кетіпті" деген хабарды естіп, Бегеш шешен дереу Абай ауылына жетеді. Барса, арғын, найман, керей, уактың өңкей игі жақсы ел басшылары жиналып қалған екен дейді. "Кәне сөзді кім бастайды" дегенде бір ақсақал тұрып:

- Бұл жерде сөзді кім бастаушы еді, міне, Бегеш те келді. Бегеш тұрғанда өзгеңе сөз қайда? Кәне, Беке, сөйлеңіз? - деген. Сонда Бегеш шешен былай депті:
- Абай, мырза, "Ерге жара - түйін, езге жара қиын" деген, ит арамды, тентек Құдайды танымайды, сіз бір ғана Тобықтының ұлы емес, бүткіл халықтың біртуар ұлы едіңіз. Көптің жүгін кетерер нарындай, көктемдегі жауындай жақсымыз едіңіз. Жақсы мен жаманды ажырата алмайтын, бір ұрда жық тентектердің қолы тиді деген соң осы отырған бәріміз түгел келдік. Көштің байсал тапқаны - көкорайға қонғаны, даудың байсал тапқаны - төрешіге барғаны. Отқа салып қанша өртесең де алтын, сірә, жез болмас, Аяққа шұлғау қылсан да асыл жібек бөз болмас. Білім - бақтың қазығы, білімсіз бақ - өлдекімнің азығы. Талай жан бір ауызбен аспандағы айды алады, қолымен косаяқ та соға алмайды. Ұстазынан, жақсысынан айрылса ел не таппақ? Сағымдай кұбылып, сабындай бұзылып, іріп-шіріп жоғалады да. Абай сияқты есті, ақылды адам надан еліне бола қалпынан айрылса не болмақ? Рұқсатыңды бер, тентегіңді тыюға келдік, - депті.

Сонда Абай: "Өй, Бегеш-ай. Шешендікпен қиыстырып айтасың-ау. Қаділет пен қасірет бар емес пе?" Қаракүйенің дәні болғанша, бидайдың сабаны бол. Жаман қауымның жақсысы болғанша, жақсы қауымның жаманы бол десе не дер едіңіз? Жамандықты жолым деп кеткен Оразбайға сөз суға жазғанмен тең. Мені бір ит қапты ғой. Қапқан иттен өш аламын десем, мен де ит болғаным ғой. Айыпты әпермеңдер, аяғыма жықпаңдар, - деп тоқтайды.

Бегеш Сабанұлының туралы әңгіме

Абай қатты науқастанып ажал аузында жатқанда Бегеш досы көңілін сұрай келіп: - Ассалаумағалейкүм, Абайжан! Сөзіңе таңырқаған талай жан. Булығып сөйлей алмай жатырмысың? Алла қонағында бұл не хал? Өй, сабазым Бегешіңе сөз қатпасан, көңілден өле-өлгенше кетпес арман, - депті.

Сонда Абай басын көтеріп:

Азғана ел керейден, асып туған сен бір ер,
Сен кеткен соң керейге, сен сықылды кім келер?
Жүгім ауыр болған соң, потере алмай жатыр ем,
Ер Бегешім келген соң, ауыр жүгім жеңілдер -

деп бір сәт көңілі көтеріліп, Абай жадырай түсіпті.

Бегеш Сабанұлының туралы әңгіме

Бір отырыста табақтас отырған сыйлы адамдардың ішіндегі жасы кішілері Абай мен Бегеш екен. Сырттан келген сыйлы деп бас Бегешке тартылыпты. Бегеш бір құлақты Абайға ұсынып, бір құлақты өз алдына қояды. Бір көзді өзі жейді де, бір көзді Абайға береді. Таңдай өзіне тиіп, Абайға тіл бұйырады. Бір тілім құйқасын кесіп жеп, басты Абайға ұстатыпты.

Тамақ ішіліп, Бегеш аттанған соң табақтас болған Тобықты елінің белді ақсақалдары: "Басты бізге ұсынбады. Ұсынған Бегеші бастан дәм де татырмады. Жастары кіші бола тұра басты өздері бөліп жесті. Бегештікі қазақ салтында болмаған іс" десіп күңкіл шығарады. Күңкіл сөз құлағына тиген Абай оларға: - Оның жайын Бегештің өзінен сұраңдар - дейді. Тағы бір айналып соққандағы Бегештің жауабы мынау екен: "Бір құлақты Абайға Тобықтының баласы деп бергенім, өзім алғаным Керейдің баласымын дегенім. Бір көзді жегенім Керейдің көзімін дегенім. Бір көзді Абайға Тобықтының көзі деп бергенім. Тілді Абайға Тобықтының қара тілді шешені деп бергенім. Таңдайды жегенім, Керейдің жезтаңдай жүйрігімін дегенім. Басты Абайға ұсынғаным жас та болса бас боп отырсың дегенім. Осыным қате десе өздері айтсын"...

Бегеш Сабанұлының туралы әңгіме

Бегеш өз елінің намысын үлкен жиын дауларда қорғай білген адам. Бан мысал ретінде Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясының "Тарауда" деп аталатын бөлімінде Балқыбек бойында өткен сиязда Абайдың төбе би болып, ел, ру арасындағы даулы мәселелерді әділ шешетіндігі баяндалады.

"Сол күні Абай екі жақтан үш-үштен алты ғана кісі шақырып, біраз әңгімеде аужай түйісті. Абаймен бұл жолы кездескен найман кісілер Жұмахан, Барақ төре, Тәңірберді болатын. Керейден - Тойсары мен Бегеш, Тышқанбай. Осы аз адамдардын сөзіне Абай Жиренше мен Оразбайды ерте келді".

Абайдың әділдігімен дұрыс шешімін тапқан "Салиха қыз дауы" осы тарауда былай аяқталады:

"Бірак тобықты атқамінерлері осылай дегенмен Керей-Найман Абайды олай мінеген жоқ. Сөзіне тоқтап, екі ұлық кетер алдында: "Біттім, тындым" - десті. Найманнан Жұмахан мен Барақ, Керейден Тойсары мен Бегеш боп келісім жасап хат мөрлеген, "тындым" - қағаздарын беріп аттанысты".

Бегеш би бастаған керейлер Абайды "Бұрынғы қара қазақ жолынан жолы басқа, үні басқа, лебінде елге ем болайын деп тұрған жақсы ырым бар. Сөзі дуалы, беті алмасты, бұл өңірдің абыройлы адамдарының бірі болғалы тұрған жан екен" - деп бағалаған.

Міне, ұлы Абайға сол заманда осындай әділ баға беру Бегеш сияқты шешен, тапқыр, көреген адамдардан шықса керек.

Абай мен Бегеш дос-жар, ниеттес болып, бір-бірімен сыйласып өтіпті. Абай Тобықты ішінде өтетін бір дүбірлі тойға жаратып қоспақшы болып, керейдің басты адамдары Тышқанбай мен Бегешке, Қожагелді Жүзбай дегеннің "Керкекіл", "Қаракасқа" дейтін атақты бәйге аттарын сұратып, сәлем жолдап, кісі жіберіпті. Ескі салт бойынша бәйгеге аруақ шақырып, ұрандап шабады. Соны ойлаған Тышқанбай мен Бегеш:

- Біз ат бермейді екенбіз, аруақ береді екенбіз, деп келген кісіні құр қол қайтарады. Осының аяғы "Абай Тышқанбай мен Бегешке қатты өкпелі екен" - деген дақпыртқа айналыпты. Көп уақыт өткен соң Бегеш Абайдың үйіне барады. Аман-сәлемнен кейін Абай Бегештен:
- Елінде не жаңалық бар? - деп сұрайды.

Бегеш: - "Ал, Бер" деген екі ағайынды еді. Соның "Алы" өліп, "Бері" тірі қалды. Біздің елдің кайғыруында мін жоқ, деп астарлай сөйлепті.

Бұл сөзді түсіне қойған Абай:

- Е-е, ол елдің өсегі ғой, соған шын өкпелеп жүр дейсің бе? - депті.

Бір жолы Абай Бегешке:

- Сен естігеніңді, өзіңнен бұрынғылардан қалған сөзді қайталап айтып, шешен атанып жүрсің, өз жаныңнан шығарып айтатының шамалы, - деп Бекеңді мұқатпақшы болған екен.

Сонда Бегеш: - Абайжан, айтқаныңның жөні бар, анау тұрғандар неменелер және кімдердікі, - деп сөреде жиалған қалың кітаптарды көрсетіпті. Абай: Ол орыстың Пушкин, Лермонтов, Крылов және Толстой сияқты ұлы ақын-жазушыларының кітаптары емес пе, - депті. Жұлып алғандай Бегеш те: - Абайжан, сен де басқа халықтың Пошке, Лермонт, Кырылып, Толстой дегендерінен көшіріп, аударып оқимын деп жүрсің ғой, мен қазағымның өз сөзін өзіне пайдаланып, халқымның мақал-мәтелдерін өңдеп, орнын тауып қолдана білгеніме де кінәлі болыппын ба, - деген екен.

Бегеш Сабанұлының туралы әңгіме

Ұлы жүзде Қоңыр төре қайтыс болғанда соның жоқтауында Бегеш туралы қосып айтылған мынадай өлең жолдары бар:

"Оязбенен егескен,
Жоқ еді ешкім теңескен.
Дастарханнан дәм татып
Әзілдесіп сырласқан
Арқадағы - Бегешпен"...

Қоңыр төре де өз заманында белгілі адам болса керек. Оның жоқтауында Бегештің аталуы оның да атағының Ұлы жүзге дейін жайлғанын көрсетеді.

(Бегеш шешен туралы жоғарыда келтірілген деректер Мағауия Құрымбайұлы, Ырыздықбай Тілеуберлин, Сіләм Әубәкіров, Есентай Түсіпбаев, т.б. шежіреші қариялардан жазып алынған).<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}