Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов (29 қараша 1971 жыл, Алматы қаласы) — Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, ҚР қаржы министрі.
Қысқаша өмірбаяны
- 1971 ж. қарашаның 29 Алматы қаласында дүниеге келді.
- 1994 ж. Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер және жүйелер» мамандығы бойынша үздік бітірді.
- 1995 ж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.
- 1994—2002 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқару жұмыстарын атқаруда.
- 2002 ж. қыркүйектен бастап 2003 ж. маусымға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.
- 2003 ж. маусымнан бастап 2006 ж. ақпанға дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі қызметіне тағайындалды.
- 2006 ж. ақпаннан бастап 2007 ж. қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы болып қызмет істеді.
- 2007 ж. қаңтардан бастап — Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
- 2007 ж. тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
- 2010 жылғы 13 наурыздан - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
- 2012 жылғы 21 қаңтар - 2013 жылғы 6 қараша аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
- 2013 жылғы 6 қарашадан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
Жетістіктері
- «Құрмет» ордені (2006);
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалы
- «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалы
- ҚР Президентінің (2001) алғыс хаты
- ҚР Премьер-министрінің (2005) алғыс хаты<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2016 жыл 6 мамыр) Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2014)