Бақытбек Әуенұлы Нақыпбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытбек Әуенұлы Нақыпбеков - (11 мамыр, 1967 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында туған) - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары (2010 жылдан бастап).

Өмірбаяны

  • Әкесі - Нақыпбеков Әуен Нақыпбекұлы. Анасы - Шәменова Қанатгул, зейнеткер.
  • Қазақ тұтыну кооперациясы институтының «Маркетинг және коммерция» факультетін (1997) «Маркетинг» мамандығы бойынша бітірген.
  • «Қайнар» университетінің заң факультетін (Алматы қ., 2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
  • 1984 жылдан - Шымкент облысы Апғабас аудандық ақпараттық-есептеу стансасының операторы.
  • 1985 жылдан - нан зауытының экспедиторы.
  • 1988 жылдан - Шымкент облысы Алғабас аудандық тұтыну одағының экспедиторы.
  • 1990 жылдан - Шымкент облысы Алғабас ауданындағы аудандық дүкеннің аға тауартанушысы.
  • 1992 жылдан - Шымкент облысы Алғабас аудандық тұтыну одағы төрағасының орынбасары.
  • 1994 жылдан - «Алтын Орда» сауда-өнеркәсіп қауымдастығының бастығы.
  • 1996 жылдан - «Нұрсұлтан» ШК директоры; Шымкент қалалық жер комитетінің төрағасы.
  • 2001 жылдан - ОҚО Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы.
  • 2005 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы.
  • 2008 жылдан - Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша аймақаралық жер инспекциясының бастығы.
  • 2010 жылдан бері - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары.

Марапаттары

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Қаныбекова Әлия Орынханқызы (1968 ж. т.), «Санрайс» ЖШС директоры.
  • Ұлдары - Нақыпбеков Нұрсұлтан, Нақыпбеков Ақсұлтан;
  • қыздары - Нақыпбекова Мөлдір, Нақыпбекова Ақтолқын.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}