Батысшылдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батысшылдар - XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы феодалдық- крепостниктік қатынастарды жойып, Ресейдің "батыстық" жолмен, яғни буржуазиялық жолмен дамуын жақтаған орыстың қоғамдық ой-ағымының өкілдері. Батысшылдардың қатарында Гер¬цен, Грановский, Огарев, Боткин,Каве¬лин, Кетчер,Корш және баскалар бол¬ды. Батысшылдармен Белинский тығыз қарым-қатынас жасап түрды. Көзқарастарында белгілі бір бірліктің болуы (самодержавиелік-крепостниктік қүрылысты айыптау, "ресми халықшылдық" идеологиясына қарсы күрес, Ағарту идеяларын дамыту, Ресейді еуропаландыруға үмтылу және т.б.) және олар¬дың объективті-буржуазиялық мазмүнын мойындау олардың арасында алауыздық болмады деген сөз емес. Бастапқыда Батысшылдар арасында айтыс үйірме шеңберінен шыға алмады. Алай¬да 40-жылдардың соңына таман негізгі екі үрдіс барған сайын айқындала түсті: Белинский, Герцен және Огарев материалистер, төңкерісшіл-демократ және социалистер ретінде әрекет етті; Каве¬лин, Боткин, Корш және басқалары идеализмді қорғап, саяси мәселелерде буржуазиялық-помещиктік либерализм идеяларын дәріптеді. Сонымен қатар, жекелеген Батысшылдар (мысалы, Грановский) таптан тыс ағартушылықты ғана мойындады. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батысшылдар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}