Бас Штаб

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бас Штаб-мемлекет Қарулы Күштерін басқарушы негізгі орган. Бас Штаб бейбіт уақытта да, соғыс жағдайында да әскери-саяси ахуалды талдаумен шұғылданады, соғыс қару-жарақтары мен әскери әрекет тәсілдерін жетілдіру, дамыту бағыттарын айқындайды, ықтимал басқыншылық әрекеттерге қарсы дер кезінде тойтарыс беру үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру бағытында шаралар ұйымдастырады. Бас Штаб Қарулы Күштердің, тылдың, азаматтық қорғаныс жүйесінің, Қорғаныс министрі басқармаларының қызметтерін үйлестіріп, оны Жоғарғы Бас қолбасшы мен қорғаныс министрінің басқаруын қамтамасыз етеді. Бас Штаб қызметі қарулы қақтығыстар мен соғыс жүргізу ісінің және оған әзірлік сипаттарының күрделеніп, ауқымы ұлғая түсуіне және Батыс Еуропадағы ірі мемлекеттер армияларында генерал-квартирмейстерлер мен әскери бөлімдер бас квартирмейстерлігі қызметтерінің ендірілуіне байланысты 16—17 ғасырларда пайда болды. 1-дүниежүзілік соғыс оған қатысушы мемлекеттердің Бас Штабтарын үлкен сыннан өткізді. Мемлекеттің барлық экономикалық және әскери мүмкіндіктерін жұмылдыруды талап ететін соғысқа әзірлік және оны жүргізу міндеттері Бас Штаб қызметін жетілдіре түсуді қажет етті.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Бас Штаб құрылымдарының қалыптасуы әр елде әр түрлі. АҚШ-та Бас Штаб атқаратын міндеттерді іс жүзінде штаб басшылары комитеті мен оның жанындағы біріккен штаб атқарады. Англияда да Қарулы Күштерге шұғыл стратег. басшылық жасайтын орган — штаб басшылары комитеті. Ол жұмысшы орган түріндегі қорғаныс штабымен бірге Қорғаныс мин-не бағынады. Франциядағы Қарулы Күштер штабы Қорғаныс мин-не, соғыс жағдайында — Жоғарғы Бас қолбасшыға бағынады. Ресейде Азамат соғысы аяқталған соң, Бүкілресейлік Бас Штабпен Республика революциялық әскери кеңесінің Далалық штабы біріктіріліп, Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясы Бас Штаб құрылды (1921). Ол 1946 жылы маусым айынан бастап КСРО Қарулы Күштері Бас Штабы деп аталды. 1950—1953 жылдары Әскери теңіз флоты Бас Штаб жұмыс істеді. 1955 жылдан бастап қайтадан КСРО (1991 жылдан Ресей Федерациясы) Қарулы Күштері Бас Штабы деп аталды. Бас Штабтар (немесе оның қызметін атқаратын органдар) өз мемлекеттерінің ішкі, сыртқы саясатына зор ықпал етіп отырады. Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуымен бірге оның Бас Штабы ұйымдастырылды (1992). Ол негізінен бұрын сыннан өткен құрылымдық жүйелерді сақтады. 1997 жылы 17 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қарулы Күштердің үш түрін құру және Қорғаныс министрі мен Қарулы Күштер Бас Штаб арасындағы қызметтік шектеулер белгіленді. Бұл құжат бойынша Қарулы Күштердің бұрынғы бес түрі Жалпы мақсаттағы, Әуе қорғанысы және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері болып қайта құрылды. Жалпы мақсаттағы Қарулы Күштер Құрлық әскерлері мен Жұмылдыру күштерін, Әуе қорғанысы күштеріӘскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, Мемлекеттік шекараны қорғау күштері Шекара әскерлері мен Жағалау күзеті күштерін біріктірді. ҚР Қорғаныс мин-не Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылық, ел қорғанысын ұйымдастыру, ал ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабына Қарулы Күштерді қолдануды шұғыл-стратегиялық жоспарлау қызметін жүзеге асыру міндеттері жүктелді.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бас Штаб|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}