Балқаштың солтүстік аймағын зерттеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Balhasch p.svg
Балқаштың орналасуы

Балқаштың солтүстік аймағын зерттеуҚазақстанның археология ғылымындағы кешенді ізденістердің бір түрі. 1940 жылдан Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев, А.Г. Медоев, Ж. Құрманқұлов, т.б. ғалымдар негізін қалаған. Өлкеде қола дәуірінен бастап игерілген, қазір де кеңінен белгілі пайдалы қазбаларға бай аса ірі кен орталықтары бар. Археологиялық ескерткіштердің негізгі топтары кен орындарынан алысырақ, солтүстікте жатқан Беғазы, Қызыларай сияқты таулы-нулы өңірлерде. Көлдің солтүстік-шығысынан бастап Шыңғыстау жоталарына, Бақанас өзенінің аңғарына дейінгі аралықта қола, ерте темір дәуірлерінің 30-дан астам (Тесіктас, Қотанемел, Жалғызтау, т.б.) зираттары ашылды. Мұнда Андрон және Тасмола мәдениеттеріне қатысты құнды деректер табылды. Қола дәуіріне жататын Қотанемел-1 зиратының 15-қоршауынан көптеген заттай деректермен қоса, жас балаларымен бірге жерленген әйел мүрдесі табылған, оның біреуі 2—3 айлық нәресте. Осында жас нәрестесін бауырына баса қойылған әйел жанында қойдың мойын сүйегінің табылуы қазақ әдет-ғұрыптарының түп-тамырының сонау көне замандардан бастау алатынына нақтылы дәлел бола алады. Ғалымдардың пікірінше, бұл — кейінгі қазақ заманына дейін жеткен “қалжа” дәстүрінің айғағы. Ертедегі қазақтар бала не ана қайтыс болғанда “қалжа” сүйекті қабірге бірге көметін болған. Алынған қола бұйымдардың химиялық құрамын зерттеу жергілікті тайпалардың металлургия өндірісімен көне дәуірлерден бастап-ақ айналысқанын, бұл саланың осы өлкелердегі кен орындарының (Саяқ тобы) негізінде дамығанын көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстанның басқа да аймақтарының ежелгі тайпалары Саяқтың мыс рудасының қорытпаларын жергілікті білгір кеншілер мен ұста-құюшылардан көптеп алып отырған.

Әдебиеттану

  • Қ а д ы р б а е в М. К., Археологические раскопки в Северном Прибалхашье. Поиски и раскопки в Казахстане, А.-А., 1972;
  • с о н ы к і, Курганы Котанэмеля. Первобытная археология Сибири, М., 1976

Сыртқы сілтемелер

<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балқаштың солтүстік аймағын зерттеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}