Ақпарат билігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақпарат билігі ақпарат құралдарының қоғамда атқаратын рөлі. Ақпарат құралдары хабарларды халық арасында таратады, қоғамдық пікір қалыптастырып, саяси жұмыстар жүргізуге және тағы сондай сияқты мүмкіндік береді. Солардың арқасында қоғамда тұрақтылық, ынтымақтастық ахуал орнығады немесе тұрақсыз жағдай қалыптасады.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref> Ақпарат құралдарының адамдарға тигізетін ықпалын ескере келе, әдетте, оны заң шығарушы, атқарушы, сот билігімен қатар қойып, “төртінші өкімет” деп те атайды. КСРО кезінде ақпарат құралдары тікелей мемлекеттің бақылауында болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін шын мәнінде сөз бостандығы беріліп, демократиялық жүйе қалыптасып, ақпарат құралдарын бұрынғыдай қатаң бақылау үрдістен шығып қалды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}