Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев (15.6.1941 ж.т., Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылы) – заң ғылымдарының докторы (1997).

ҚазМУ-ды (1967, қазіргі ҚазҰУ) және КСРО Ғылымдар Академиясының Мемлекеттік және құқық институтының аспирантурасын (1973) бітірген. Қазақстан Ғылымдар Академиясының Философия және құқық институтында (1967–70), Алматы облысы сотында (1973–78) қызмет істеген. Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы (1978–81) болған. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика университеті) мен ҚазМУ-да доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Ағыбаевтың ғылыми жұмыстары қылмыстық құқық, криминал мәселелерін зерттеуге арналған.

Ағыбаев 120-дан астам еңбектің, оның ішінде 2 монография, 10 ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының авторы.

Қарасай батыр, Сұраншы батыр, Сүйінбай, Жамбыл туралы бірнеше тарихи очерктері үшін халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлық лауреаты болды.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub