Арынов Мұхтар Ғалиұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Merge

Арынов Мұхтар Ғалиұлы ( 20. 5. 1936, Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу а. — 10.9.1995, Алматы облысы) — ғалым, филол. ғыл. кандидаты (1973), проф. (1988). Алматы мемл. пед. шет тілдер ин-тын (қазіргі Халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тін) бітірген (1957). Осы ин-тта оқытушы, кафедра меңгерушісі, Абай атынд. Қазақ пед. ин-тының проректоры (1974 — 81), Білім мин-нің бөлім меңгерушісі (1981 — 83) қызметтерін атқарды. 1983 жылдан өмірінің соңына дейін Қ.Жұбанов атынд. Ақтөбе ун-тінің ректоры болды.А-тың “Неміс тілінің қысқаша грамматикасы” (1971), “Неміс тілі грамматикасы (морфология)” (1986) оқулықтары тіл білімі ғылымындағы елеулі табыс ретінде бағаланды. А. ұлт мәдениетін өркендетуге елеулі үлес қосты. 1989 ж. халықар. “ Қазақ тілі” қоғамының құрылуына ұйтқы болды. Ақтөбе облысыдағы “Қазақ тілі” қоғамының төрағасы болып, ұлт тілінде оқытатын мектептердің ашылуына көп күш-жігер жұмсады. А-тың ұйымдастыруымен “Ақтөбе өңіріндегі білім беру жүйесінің дамуы” мұражайы, Абай мұражайы ашылды. Ол қазақ тіл білімінің тұңғыш проф-ы Қ.Жұбановтың 90 жылдығына орай респ. ғыл.-теор. конференция ұйымдастырып, “Жұбанов тағылымы” оқуларын жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырды. Қ.Жұбановтың мұражайы мен лабораториясын ашуға басшылық етті. А-тың ұлттық филос., дидак., этногр. және этнолингвист. деректер негізінде жазған “Бес анық” (1996) кітабы — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын зерделеуге арналған алғашқы еңбектердің бірі болды. Ұлттық рухтың ерекшелігін көрсететін тіл, дін, салт-дәстүр, тарих, атамекен туралы ой-толғамдары халықтық пед. пәнінің қалыптасуына негіз болып қаланды. Сонымен қатар ол Есет, Көтібар батырлардың, күйші Қазанғаптың тарихи-архит. кешендерінің бой көтеруіне ұйтқы болды. Әйтеке бидің, Кердері Әбубәкірдің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге елеулі үлес қосты. А. — белгілі мемлекет қайраткері. Ол Қаз. Респ. Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының “Тілдер туралы”, “Жоғары білім туралы” заңдарының қабылдау мен талдау жұмысына қатысты.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}