Археология институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Археология институты – көне материалдық және мәдени ескерткіштерді зерттеумен айналысатын ғылым мекеме. 1991 жылы қазан айында Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнол. институты негізінде құрылған. Институтқа Қазақстан ғылым академиясының академигі Ә.Х.Марғұланның есімі берілген. Институт құрамында 5 шығармалары ғылыми-зерттеу тобы жұмыс істейді, ғылыми-зерттеулерді ғылыми кеңес ұйымдастырады, далалық комитет пен жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Институт құрамында: тас дәуірі ескерткіштері; қола дәуірі және ежелгі технология; ерте дәуірдегі өнер; урбанизация және көшпенділер мәселелерін зерттейтін топтар мен Археология мұражайы бар. Институттың ғылыми-зерттеу қызметі палеолиттен орта ғасырларға дейінгі археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштерді кешенді зерттеу негізінде Қазақстан аумағында болған тарихи процестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін танып білуге, ежелгі замандағы экономикалық, саяси және діни-мифологиялық жүйелерді толық анықтауға бағытталған. Қазақстан аумағында ерте және орта ғасырларда мекен еткен тайпалар мен халықтардың материалдық ескерткіштерін зерттеумен айналысатын 5 экспедиция ұйымдастырылған:

Институт ғалымдары ежелгі палеолит тұрақтарын зерттеу нәтижесінде қазақ жерін адам баласы бір миллион жыл бұрын мекендегенін анықтады. Қазақстан жері сақ, түркі тайпаларының атамекені болғандығы дәлелденді, қазақ этносының қалыптасу процесі түзіліп, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш, Қарлұқ, Қарахандар мемлекет бірлестіктерінің тарихы нақтыланып, олардың Орта және Таяу Шығыспен, Орта Азия, Еділ бойы, Орал тауы өңірі, Сібірмен саяси, экономика және мәдени байланыстары ашылды. Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолының бойы, көшпелілер мен отырықшылар өркениеті, қала мен даланың өзара қатынасы мен ықпалы зерттелді. Орта ғасырдағы Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық және Талхиз қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері Қазақ мемлекеттігі мен мәдениетінің қалыптасуы, түркі, қыпшақ, қаңлы және қарахан дәуірлерінен бастау алатындығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Институт ғалымдары Ақышевтың «Есік обасы», С.М.Ақынжановтың «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихындағы қыпшақтар», Байпақовтың «Оңтүстік Жетісудағы қала мәдениеті», ЖЫЛЫК.Таймағамбетовтың «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы палеолит тұрағы», т.б. іргелі зерттеулер жарық көрді. Институт мамандары халықар. конференцияларда баяндамалар жасап, Вашингтон, Париж, Токио, Сеул қ-ларында дәрістер оқыды. 1987 жылы Алматыда көшпелі және отырықшы мәдениетінің өзара қатынасы мәселесі жөнінде Халықар. симпозиум өтті.

Институт мамандары ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы – мәдени қатынас жолы» атты халықар. бағдарламасын жасауға қатысты. Институт антропогенез, көшпенділер мәселелері, урбанизация, мәдениеттану, палеоэкономика бағытында зерттеулер жүргізуде.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,</ref>

Институт Франция, Италия, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның алдыңғы қатарлы археол. орталықтарымен тығыз халықаралық байланыс орнатқан. Қазақ халқының тарихи-мәдени ескерткіштері мен археол. жетістіктерін насихаттауда бірегей экспонаттары тек Қазақстанда ғана емес, шет ел көрмелерінде сәтті көрсетіліп жүрген Археология мұражайы маңызды рөл атқарады.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}