Арон Раймон
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Арон Раймон [1905-1983] - көрнекті француз саясаттанушысы, әлеуметтанушысы, философы әрі публицисі. Кең таралған индустриалды қоғам, технологиялық детерминизм және идеологиясыздандыру тұжырымдамалары авторларының бірі, либерализмнің жақтаушысы, марксизм мен коммунизмнің қарсыласы.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref> Арон Раймонды ғалым ретінде саяси-әлеуметтік ой тарихы, философия мен әлеуметтану, халықаралық қатынастар мәселелері, адамзат болашағы толғандырды. Арон Раймон негізгі еңбектері:
- "Зиялы қауымға арналған апиын" (1955)
- "Тарихи сананың өлшемі" (1961)
- "Ұлттар арасындағы татулық пен соғыс" (1962)
- "Индустриалды қоғам жайлы он сегіз дәріс" (1962), "Дамудан көңіл қалу" (1963)
- "Ұлы жанжал" (1963), "Тап күресі" (1964)
- "Еркіндік жайлы эссе" (1965)
- "Демократия және тоталитаризм" (1965)
- "Әлеуметтік ілімнің даму кезеңдері" (1967)
- "Соғыс жайлы ойлану: Клаузевиц" (1976)
- "Торыққан Еуропаны жақтау" (1977) және т.б.
<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Арон Раймон|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}