Ара ағайындық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ара ағайындық - қақтығысқа қатысушы жақтарға басу айтып, бітімгершілікке шақыру. Ара ағайындық дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Көршілес екі рудың немесе ағайындар арасында жер-су дауы, жесір дауы сияқты жанжалдардың өршіп, қантөгіс қақтығысқа ұласар шағында үшінші, бейтарап рудың беделді, сыйлы өкілдері басу айтып, татулыққа шақырған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Қазіргі таңда ара ағайындық белгілері бейбітшілікке жету, қантөгісті тоқтату, бітімгершілікке келу үшің жасалатын іс- қимылдардан байқалады. Ара ағайындық нышандары азаматтық бағынбау актілері мен жекелеген тұлғалар, әлеуметтік топтар тарапынан өткізілетін акциялар кезінді де кездесуі мүмкін. Теориялық тұрғыдан ара ағайындық паңифистік қозғалыс идеясында идеологиялық пішім ретінде негізделді. XIX ғасырдың соңында АҚШ-та, Англияда қарулы қақтығыстар мен жанжалдардың кез келген түрін адамгершілікке жат, тұрпайы құбылыс санайтын бұл қозғалыс ауқымды халықаралық демократиялық күшке айналып, әлемнің көптеген елінің ішкі, сыртқы саясатына елеулі ықпал етіп отыр. Нақтылы мемлекет өкілдері, мемлекет қайраткерлері бейбітшілік пен татулық, ізгілік ұйытқысы ретінде ара ағайындық сыртқы саясаттағы қызметінің басты міндеттерінің бірі деп қарайды.<ref> Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ара ағайындық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}