Аралия кхун са

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аралия кхун са - "алтын үшбұрышта" 1990-шы жылдардың ортасына дейін генерал Кхун Са басшылығымен есірткі өндірісін бақылаған қару¬лы ұйымдасқан қылмысты топ. Есірткі бизнестен Кхун Са есірткі өнімдерін сатушылардан алым-салық жинау ар¬қылы Шан мемлекетінің тәуелсіздігі үшін күресті қаржыландырып отырғандығымен ақталмақ болады. Кхун Са есірткі саудасымен 1960-шы жылдар¬дың басынан айналысты, ал 1970-ші жылдардың аяғында Мьянманың бүлікті ауданы "Шан мемлекетінің" саяси және әскери қайраткеріне айналды. Оған бағынатын Шан бірлескен төңкерістік армиясы (БТА) әртүрлі деректерге қарағанда 10000-нан 20000-ға дейін адам, соңғы үлгідегі ауыр қару-жарақ және "жер-ауа" ракеталарымен жарақтандырылған. Кхун Са оны әлемдегі ең ірі есірткі өнімдері фабрикасына айналдырды. 1996 жылға қарай есірткі өндірісі жылына 2500 тоннаға жеткен, яғни, бүкіләлемдегі есірткі өндірісінің 60-80% құрайды. Кхун Саның жылдық таза табысы 8200 млн. долларға жуық. Осы анашаны сату жолдары шамамен, әлемдегі өндірілген есірткінің 2/3 бөлігі - Қытай, Канада, АҚШ, Австралия арқылы өткен. 1995 ж. Кхун Са өзінің отставкаға кетуге шешім қабылдағанын жариялайды. 1996 жылы басында БТА қаруларын тастап, ресми Мьянмаға өз әскери базаларын берді. Генерал Кхун Саның қазіргі нақтылы орналасқан жері белгісіз, әлі де есірткі бизнесімен айналысуда деген жорамал бар. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аралия кхун са|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}