Араб мемлекеттері одағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Араб мемлекеттері одағы - 1945 ж. 22 наурызда Каирде құрылған. Бастапқыда құрамына Мысыр, Ирак, Сирия, Ливан, Иордания мемлекеттері кірді, кейіннен Йемен және Сауд Арабиясы енді. Уақыт өте келе азаттық алған араб мемлекеттері де ұйым қатарына қосылуға ниет білдірді. Бүгінгі күні одаққа 22 мемлекет мүше (Мавритания, Марокко, Алжир, Ливия, Судан, Джибута, Эритрея, Сомали, Оман, Біріккен Араб Әмірлігі, Катар, Бахрейн, Кувейт, Палестина және алдыңғы бес ел). Негізгі көздеген мақсаты - араб елдерінің өзара ынтымақтастығын нығайту, сыртқы саясатын үйлестіру, тәуелсіздігі мен үлттық мүдделерін қорғау. Жоғарғы ұйымы - Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі. Кеңес жылына екі мәрте өткізіледі. Ұйымның тұрақты органдары - Бас хатшылық, Бас хатшы кеңесі. Арнайы комитеттері (саяси, әскери, заң, қаржы, мәдени және т.б.) бар. Штаб пәтері Каир қаласында орналасқан. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тағы да

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Араб мемлекеттері одағы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}