Антиядролық қозғалыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антиядролық қозғалыс - ядролық соғыс қаруын жасауға, сынауға, қолдануға қарсы әлем халқының бірлескен қарсы күресі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> 1945 жылы 6 тамызда алғаш рет АҚШ әскери әкімшілігі ядролық қаруды Жапонияның Хиросима қаласына тастап, қырғынға ұшыратты. Қала толық қирап, 140 мың адам қаза болды. Араға үш күн салып, Нагасаки қаласына түскен атом бомбасы салдарынан 75 мыңға тарта адам жапа шекті. Ал КСРО аумағында алғаш¬қы ядролық қару 1949 ж. Семей сынақ алаңында жарылды. Содан бергі жылдарда онда 459 жарылыс (оның 113-і атмосферада) жасалып, сынақ алаңымен шекаралас аудандардағы халықтың денсаулығына, экологияга орасан зор зиян келтірілді. Мұндай зұлмат қасірет бұл қарудың түрін жою, тоқтату қажеттігін тудырды. 1963 ж. атмосферада, суда және ғарышта атом қаруын сынауды тоқтату жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Бірақ бұл шарт талаптары ұзақ орындалмады. 70-ші жылдары КСРО басшылары КО-ғы атом сынағы бейбітшілікке бағытталған, халыққа, қоршаған ортаға зияны жоқ деген екіжүзді сұрқия саясат үстанды. Ұзақ уақыт бойына жер астындағы сынақтардың қауіпсіздігі туралы жалған түсінік қалыптастырылып, насихатталды. 1989 ж. ақпанда Қазақстандағы яд¬ролық жарылыстарга қарсы "Невада- Семей" Антиядролық қозғалыс дүниеге келді. Ол ел тұрғындарымен қатар дүниежүзі елдерінің бірқатарынан қолдау тапты. 1991 ж. мамырда "Аттан" штабы құрылды. 1991 ж. 29 тамызда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Мұндағы ең соңғы жары¬лыс 1995 ж. 30 мамырда жасалды. "Невада-Семей" Антиядролық қозғалысы алға қойған негізгі мақсаттарының бірі - Семей ядролық сынақ алаңын жабуға қол жеткізді.<ref> Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Антиядролық қозғалыс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}