Антиглобализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:EdinburghProtests5.jpg
Aнтиглобалисттердің Эдинбургтегі Үлкен Сегіздік алдындағы наразылығы

Антиглобализм - XX ғ. соңында пайда болған, "төменнен" азаматтар мүддесіне сай қимылдайтын әлеуметтік-саяси қозғалыс. Антиглобализмнің жақтастары, әдетте, бұл атауды бірегейлену мақсатында қолданбайды (немесе тырнақшаның ішінде қолданады), өйткені қозғалыс ықпалдасу процестеріне қарсы түруды емес, қазіргі үстемдік етіп отырған жаһанданудың либералды капиталистік түрін өзгертуге талпынады. Қозғалыстың негізгі мақсаты демократияға, әлеуметтік теңдікке, өзіндікті сыйлауға және ұлттық-мәдени құрылымдардың өзіндік ерекшелігіне негізделген экономикалардың, халықтардың, мәдениеттердің ықпалдасуы процесінің дамуы. Антиглобализм әртүрлі әлеуметтік топ және жік өкілдерін біріктіреді - жұмыссыздардан жоғарғы тап өкілдеріне дейін.

Тарихы

Бастапқыда антиглобализм халықаралық үйымдар кездесулерінде әлеуметтік қозғалыстар түрінде көрініс тапты. 1999 жылдан бастап айқын көріне бастады. Ортақ басқару органы жоқ, өздігінен пайда болған қозғалыс, жаңа бүкіләлемдік қоғамдық ұйымды білдіреді. Әртүрлі қоғамдық қозғалыстардың, сондай-ақ солшыл бағыттағы саяси ұйымдардың ортақ жиынтығын көрсетеді. Оның құрамына кәсіподақтық, әйелдер, жастар, экологиялық, пацифистік және басқа да үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар кіреді. Бейресми байланыстарын интернет ар¬қылы жүзеге асырады.

Сурет:Anti WEF graffiti Lausanne.jpg
Лозаннадағы Антиглобалисттік граффити

Қозғалыс орын алған әлемдік деңгейдегі шаралар

Қозғалыс әлемдік деңгейдегі бірнеше шаралар өткізді. Олардың аса маңыздылары Сиэтл, Вашингтон, Квебек, Прага, Брюссел, Генуа және т.б. қалаларда өткізілген халықаралық институттардың кездесулері мен кеңестері кезіндегі наразылық шерулері мен баламалы әлеу-меттік кездесулер болды. Антиглобализмнің жағымды бағдарламалары Порту-Алеграда өткен (2001 және 2002) Бүкіләлемдік әлеуметтік форумдарда талқыланды.

Антиглобалтік қоғамдар, негізін салушылар

Қозғалысқа қатысушылардың пікірінше, әлемге "жоғарыдан" таңылған дамудың қазіргі жолы тығырыққа тірейді, қазіргі әлемде дұшпандық пен әділетсіздікті күрт күшейтеді, жеке тұлғаны жаншиды, сондықтан да олар дамудың баламалы, адамгершілікті жолын үсынады. Бұл едәуір әлеуметтік тең, техникалық және экономикалық қырынан прогрессивті, бәрінен де адамгершілікке толы әлем диалог ар¬қылы, бірлесіп іздену арқылы, теориялық зерттеулер мен бүкіл әлемнің жұмыла әрекет етуінің нәтижесінде орнатуды үсынады. Баламалы қозгалыстың теориялық постулаттары қалыптасу және өзгеріс үстінде. Оларды жасауда бірқатар Нобель сыйлығының лауреаттары және И. Валлерстайн, С. Амин сынды атақты ғалымдар қатысуда. Антиглобализм бір орталыққа бағынатын бюрократиялық пирамида ретінде емес, өзара қиылысатын қозғалмалы желілер мен қоршаған ортаны сақтау үшін, иммигранттар құқын қорғау, жұмысшы орындарды сақтау, қаржылық алып-сатарлықты ауыздықтау, соғыстарды тоқтату, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы үшін күресетін тұлғалардың жиынтығынан қалыптасты.

Ерекшіліктері

Антиглобализм бұрынғы әлеуметтік қозғалыстармен, әсіресе, кәсіподақтық, солшыл партиялармен тығыз байланыста. Осылайша, антиглобалистер қозғалысын биліктің аса маңызды тетіктері бағындырылатын ғаламдық билік механизміне қарсы қозғалыс ретінде қарастыруға болады: жаппай қырып-жою қаруларын бақылайтын әлемде теңдесі жоқ әскери-саяси машиналар, бұқара- лық ақпарат құралдары, негізгі халықаралық саяси институттар. Биліктің бұл тетігі жаһандану субъектілері біртұтас күшке (іштей қарама-қайшылықты) айналдыратын ойын ережелерін жасайды. Бұл ғаламдық номенклатура бәрін де¬мократия деген желеумен әлемдік саясат пен экономиканың негізгі шешімдерін анықтайды. Нарықтық фундаментализм ақшаны қоғам өмірінің шешуші факторына айналдырады, адам өмірі мен адамды адамгершілік құндылықтарынан айырып, жабайы қалыпқа түсіреді. Негізгі әлеуметтік қайшылықтар бір жағынан күшті халықаралық капи¬тал, екінші жағынан - жалданбалы жұмысшы күші, соңғысы кәсіподақ түріндегі (мафиоздық құрылымдар жайлап алған) әлеуметтік қорғаудан және жерді, капиталды, еңбекті қорғауда рөлі күрт төмендеген мемлекеттен айырылды.

Антиглобализмнің әрекетінің негізгі бағдарламасы мыналарды шамалайды:

  • Ұлттық және әртүрлі елдерде неолибералды күштердің белең алуына, азаматтардың әлеуметтік құқықтарының жаппай тапталуына қарсы күш¬тердің ынтымақтасуын;
  • "Ойыншылар" ықпалдасуының жаңа түріне, яғни, ТҰК, БСҰ, НАТО сынды жабық бірлескен құрылымдардың емес, халықтардың, азаматтар¬дың және олардың шынайы демократиялық қалыптасқан өкілдіктерінің ықпалдастығына өту;
  • Шешім қабылдаудың барлық деңгейін демократизаңиялауды түбегейлі реформалау; барлық деңгейдегі - бірлескен жергілікті деңгейден БҰҰ-на дейін - демократиялық құрылымдағы органдарға басымдық беру;
  • Қаржылық және нарықтық құрылымдарға демократиялық бақылау орнату, қаржылық алып-сатарлыққа арнайы салық жүйесін - "Тобин салығын" енгізу, ол әлемге ондаған жылдар бойы кедей елдердің мәселелерін шешуге септігін тигізер едәуір қаржы берер еді;
  • "Үшінші әлем" қарыздарын жою;
  • Әлемдегі кедей аймақтарды қаржылай қолдау мәселелерін демократия¬лық жолмен шешу (ХВҚ, Ойын банкілерінің қызметін демократиялық бақылауға алу);
  • Халықаралық экономикалық қатынастардың барлық қырларын демокра¬тиялық реттеу (сауда "ережелерін", капиталдар қозғалысын, жұмысшы күшін), еңбек, табиғатты пайдалану, адамның әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғау саласында халықаралық стандарттарды қамтамасыз ететін міндетті зандық күші бар ТҰК қызметін бақылау ережелерін жасау және енгізу;
  • Біркелі (ең болмағанда келісілген) ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу, әлеуметтік қамсыздандыру (әр елдер мен аймақтардағы еңбеккерлердің табыс мөлшерін біртіндеп теңестіру мақсатында) ережелерін жасау;
  • Ықтиярсыз еңбек еткізуге, жұмысшыларды ұлттық және өзге белгілеріне қарай кемсітушіліке, иммигрантарды қосалқы жұмыстарға шегуге тыйым салу;
  • Біркелкі экологиялық ережелер енгізу, әртүрлі елдердің арасында қоршаған ортаны ластаған ауыртпашылықты көтеруді теңдей бөлу;
  • Ең болмағанда әлеуметтік нарықтық экономика қағидаттарын дамытуға талпынатын, әрі кеткенде ықпалдасудың посткапиталистік үлгісін беретін ықпалдасудың баламалы жолын ұсыну;
  • Әлемдік байлықты жер бетіндегі түрғындардың кедейленген бөлігінің пайдасына қайта бөлетін (бірінші кезекте ТҰК және басқа да ірі корпоративтік құрылымдар табыстарын) тұрақты әрі кепілді жүйесін құру;
  • "Ғаламдық ойыншылардың" жаңалықтар мен қазіргі білімге монополиясын жою;
  • Дамушы елдердегі қазіргі білімнің, жоғары технологиялардың, негізгі және қолданбалы ғылымдардың, ұлттық мәдениеттердің дамуына ақысыз көмек көрсету;
  • Халықтардың "төменнен" ерікті және әділетті ықпалдасуы;
  • Байырғы, түпкілікті халықтардың өзіндік тіліне, білім беру жүйесіне, мәдениетіне құқын мойындау және заңмен бекіту;
  • Мәдениеттердің, дәстүрлердің, құндылықтардың әркелкілігін қолдау;
  • Халықаралық қарым-қатынаста аз халықтардың жетістіктері мен құндылықтарын қолдану әрі сыйлау;
  • Қалпынан тыс кернеп кеткен ха¬лықаралық еңбек бөлінісін жеңіп шығуға септігін тигізетін қазіргі тиімділігі жоғары өндірістерді дамыту, жаһанданудың жағымды баламасын ұсыну.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Антиглобализм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}