Андрей Васильевич Донченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әскери қайраткер Донченко Андрей Васильевич 1911 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданындағы Троицк селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 1929 жылы «Троицк» ұжымшарында бастаған. 1931 жылдан Мамлют ауданындағы «Қызыл әскер» кеңшарында жұмыс істеді. 1933­-1936 жылдары Қызыл Әскер қатарында болып, кейін комсомол және партия ұйымдарында қызмет етті. 19441973 жылдары Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданындағы «Приишим» кеңшарының директоры болып істеді. 1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Андрей Васильевич Донченкоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сонымен қатар ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Дереккөздер

  1. Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы