Алтынбек Сәрсенбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Алтынбек Сәрсенбайұлы (12 қыркүйек, 1962 жыл, Қайнар ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы11 ақпан 2006 жыл, Талғар ауданы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004),"Ақ жол" саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.

Өмірбаяны

  • 1962 жылы 12 қыркүйекте Алматы облысының Нарынқол ауданының Қайнар ауылында дүниеге келді.
  • 1985 жылы журналистика мамандығы бойынша М.С. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тамамдады. Университетті аяқтағаннан кейін Қазақ телеграф агеттігінде, «Арай-Заря» журналының редакторы, «Өркен-Горизонт» газетінің бас редакторы болып қызмет етті.
  • 1992 жылдан А. Сәрсенбайұлы Президент аппаратында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінде жауапты қызметтер атқарды.
  • 1993 жылдан бастап он жыл бойы баспа, ақпарат және мәдениет саласының мемлекеттік органдарын басқарды. 1993 жылдан Баспа және ақпарат министрі,
  • 1995 жылдан Баспа және ақпарат жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы, 1997 жылдан Қоғамдық келісім және ақпарат министрі, 1999 жылдан Қазақстан Республикасы қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрі.
  • 2001 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы — Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі. 2002 жылдың қаңтарынан дипломатиялық қызметте, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Саясат

2003 жылдан бастап А.Сәрсенбайұлы өз еркімен Президентке отставкаға шығуға арыз беріп, қоғамдық-саяси қызметпен айналысты. 2003 жылдың қараша айында «Ақ жол» Демократиялық партиясының ІІІ съезінде бірауыздан тең төраға етіп сайланды. 2005 жылдың сәуірінен «Нағыз Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясының тең төрағасы. Алтынбек Сәрсенбайұлы — бірнеше кітаптар мен монографиялар авторы, саяси ғылымдар докторы.

Үлгі:Cquote

Өлімі

2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлын көмекшісі Бауыржан Байбосынов және жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге Алматы қаласының сыртында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тобы офицерлерінің қатысуымен жасалған қастандықтың нәтижесінде қаза болды.

Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры

Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасынан кейін достары, шәкірттері Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қор құруды ұйғарады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер