Аймақтық мәселелер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аймақтық мәселелер - жекелеген құрлық, әлемнің ірі әлеуметтік- экономикалық аудандарында немесе тіпті салыстырмалы дәрежеде ірі мемлекеттер шеңберіндегі өзекті мәселелер, міндеттер, қиындықтар. Бұл мәселелер жекелеген аймақтар шеңберінен шықпайды, ал олардың шешімін табу - осы аймақтағы мемлекет пен мемлекеттер құзыры мен мүмкіншілігінде. Бұған мысал ретінде табиғи апаттарды, өте үлкен аумақты қамтитын, бірнеше мемлекетке зардабын тигізетін ауа райының өзгерісі болуы мүмкін. 1968 жылы Сахел аумағында Африка құрлығының Суданнан, Эфиопиядан, Сомалиден, Кениядан, Танзаниядан, Джибуттан Мавритания, Сенегалға дейінгі 18 мемлекетті қамтыған, 250 мыңдай адамның өмірін қиған "ғасыр апаты" аталған құрғақшылық аймақтық мәселе болып саналады. Оның салдарынан аталған елдер арасында аса қауіпті аурулар тарады, жаппай мал қырылды (18 мың бас), ал осы аймақтың жері шөл далаға айналды. Бұл қатарға тағы бір "ғасыр апаты" аталған Чернобыль қасіретін де жатқызуға болады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аймақтық мәселелер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}