Авторитет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Авторитет - [лат. autoritas - билік, ықпал] - бағындыруды көздеп, нұсқаулар мен қарарларды, ережелерді енгізуін басқалардың өз еріктерімен мойындауына негізделетін субъектілердің ықпалы. Саясаттануда: 1) қандай да бір іс-әрекеттер негізінде ие болған бедел немесе қоғамда ерекше бағаланатын құндылықтарға негізделген билікті жүзеге асыру түрі; 2) күш қолданбай ықпал ету құралы; 3) бағынушылар ерікті түрде заңдылығын мойындаған билікті басқару түрі. Авторитет - қоғамның, әлеуметтік топтың, ұжымның, мемлекеттің, қоғамдық- саяси ұйымның- өз кезегінде жеке тұлғаның немесе топ адамдардың қоғам немесе мемлекет ісіне шынайы, байсалды ықпалын мойындауы. Беделді қолдану - қоғамда саяси билік жүргізудің, әлеуметтік реттеудің аса маңызды түрі. Бедел білімге, жоғары әлеуметтік жағдайға, тұлғаның ар- ұждан қасиеттеріне, харизматикалық мінез-құлқына, жұмыс әдістерін ұтымды ұйымдастыру қабілетіне, жас шамасына, дәстүрге, діни сеніміне сүйенеді. Саяси тұлғалардың беделі бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізу нәтижесінде қалыптастырылып немесе асыра сілтеніп, авторитаризм мен жеке басқа табынушылыққа жол ашуы мүмкін. Биліктің беделі - әлеуметтік-саяси тәртіптің маңызды факторы, ал биліктің беделінің төмендеуі - әлеуметтік-саяси тұрақсызданудың көзі.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Авторитет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}