http://kk.encyclopedia.kz/api.php?action=feedcontributions&user=Nick+jan&feedformat=atomҚазақстан Энциклопедиясы - Қатысушы үлестері [kk-kz]2024-03-29T12:04:13ZҚатысушы үлестеріMediaWiki 1.23.15http://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%96%D3%99%D0%BA%D0%B5%D0%BD_%D2%9A%D2%B1%D1%81%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%95%D1%81%D0%B5%D0%BD%D2%93%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%BE%D0%B2Жәкен Құсайынұлы Есенғартов2012-01-05T12:35:30Z
Nick jan: Есенғартов дегенді Жәкен Құсайынұлы Есенғартов дегенге жылжытты
'''Есенғартов Жәкен Құсайынұлы''' (1951 жылыт., бұрынғы [[Вишневский ауданы]] [[Константиновка ауылы]]) – [[қоғам]] қызметкері. [[Механизатор|Механизаторлар]] курсын бітірген (1967). 1968 жылы механизатор, 1971 – 73 жылы [[Кеңес армиясы]] қатарында әскери борышын өтеді. 1976 – 83 жылы Константиновка кеңшарында [[комсомол]] ұйымының хатшысы, 1983 – 90 жылы Константиновка аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1990 – 97 жылы сол [[кеңшар|кеңшарда]] аға заңгер қызметтерін атқарды. Қазір Константиновка ауылының әкімі. Медальдармен марапатталған.<ref name="Source 1">[[Қазақ Энциклопедиясы]]</ref>
==Пайдаланылған cілтемелер==
<references/>
{{stub}}
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Ғылым]]
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%95%D1%81%D0%BB%D3%99%D0%BC%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2Сембек Есләмханов2012-01-05T12:34:04Z
Nick jan: Есләмханов дегенді Сембек Есләмханов дегенге жылжытты
'''Есләмханов Сембек''' (1921 – 1990, [[Солтүстік Қазақстан облысы]] [[Жамбыл ауданы]] [[Мұқанов ауылы|С.Мұқанов ауылы]]) – партия-кеңес қызметкері, финн және 2-дүниежүзілік соғыстарына қатысқан. [[Алматы Жоғары партия мектебі|Алматы Жоғары партия мектебін]] (1953), [[Абай атындағы ҚазҰПУ]]-ды бітірген. Еңбек жолын 1939 жылы бастауыш мектептің мұғалімі болып бастаған. 1940 жылы Кеңес армиясы қатарына алынып, соғысқа соңғы күндеріне дейін қатысқан. [[Армия]] қатарынан босатылғаннан кейін [[Көкшетау облысы]] [[комсомол]] комитетінің 2-хатшысы, Қазақстан КП [[Красноармейский|Красноармейский ауданы]] комитетінің 2-хатшысы (1953 – 55), Көкшетау кітапханашылар техникумының басшысы (1955 – 58), облысы «Білім» қоғамының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1963 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Алматы құрылыс техникумының сырттай оқу бөлімі бойынша директорының орынбасары болды. 2-дәрежелі [[Отан соғысы]] орденімен, медальдармен марапатталған.<ref name="Source 1">[[Қазақ Энциклопедиясы]]</ref>
==Пайдаланылған cілтемелер==
<references/>
{{stub}}
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Ғылым]]
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%90%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B3%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D1%96_%D0%91%D3%99%D0%B9%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D0%BF%D0%B1%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2Амангелді Бәйкенұлы Жақыпбеков2012-01-05T12:33:40Z
Nick jan: Жақыпбеков Амангелді Бәйкенұлы дегенді Амангелді Бәйкенұлы Жақыпбеков дегенге жылжытты
'''Жақыпбеков Амангелді Бәйкенұлы''' (1939 – 2006) – [[қайраткер]]. [[Мәдениет қайраткері]]. [[Боровской орман техникумы|Боровской орман техникумын]] (1960), Абай атындағы [[КазПИ]]-ді (қазіргі [[ҚазҰПУ]]-ды, 1968), [[Жоғары партия мектебі|Жоғары партия мектебін]] (1974) бітірген. 1963 жылдан комсомол жұмыстарында, [[Көкшетау облысы]] партия комитетінде бөлім меңгерушісі (1974 – 83), Көкшетау облысы мәдениет үйінің бастығы (1983 – 88), облысы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аппарат жетекшісі, Көкшетау облысы әкімшілік басшысының орынбасары, облысы тіл басқармасының бастығы, Алматы [[құқық]] және [[нарық]] академиясы бөлімшесінің (1988 – 2003), мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры (2003 – 06). «[[Құрмет белгісі]]» ордені, медальдармен марапатталған.<ref name="Source 1">[[Қазақ Энциклопедиясы]]</ref>
==Пайдаланылған cілтемелер==
<references/>
{{stub}}
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Ғылым]]
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%90%D0%B9%D1%82%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%B4_%D0%96%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B2Айтмұхамед Жайдаров2012-01-05T12:31:41Z
Nick jan: Жайдаров Айтмұхамед дегенді Айтмұхамед Жайдаров дегенге жылжытты
'''Жайдаров Айтмұхамед''' (1929 – 2003) – [[қызметкер]]. [[Ауыл шаруашылығы]] институтын бітірген (1970).
*Еркіншілік ауданы «[[Еңбек Туы]]» газетінде [[редактор]] (1955 – 56),
*ауданы мәдениет бөлімінің басшысы (1956 – 58),
*Қарағанды партия мектебінде оқуда (1958 – 61),
*[[Изобильный кеңшары|Изобильный кеңшарында]] партия ұйымының хатшысы (1961 – 63),
*Баршын (1963 – 72), Воздвиженский (1972 – 76) кеңшарларында директор,
*Атбасар ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1976 – 78),
*Макин ауданы атқару комитетінің төрағасы (1978 – 93), о
*блысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының 1-орынбасары (1983 – 89)
қызметтерін атқарған.<ref name="Source 1">[[Қазақ Энциклопедиясы]]</ref>
==Пайдаланылған cілтемелер==
<references/>
{{stub}}
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Ғылым]]
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%9C%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%88_%D0%95%D1%81%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%95%D1%81%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2Маташ Есмұханұлы Есмұханов2012-01-05T12:24:39Z
Nick jan: Есмұханов дегенді Маташ Есмұханұлы Есмұханов дегенге жылжытты
'''Есмұханов Маташ Есмұханұлы''' (1929, [[Солтүстік Қазақстан облысы]] [[Уәлиханов ауданы]] [[Сатай ауылы]]) – [[ғалым]], [[қоғам қайраткері]]. [[Омбы]] [[қазақ]] педагогикалық [[училище|училищесін]] (1951), Абай атындағы [[ҚазПИ]]-ді (1957) бітірген. 1951 – 57 жылы мектепте [[ұстаз]], 1957 – 62 жылы [[Өскемен қаласы|Өскемен қаласындағы]] жоғары оқу орындарында оқытушы, аға оқытушы, 1962 – 71 жылы [[Қыздар педагогикалық институтын|Қыздар педагогикалық институтында]] аға оқытушы, [[доцент]], деканның орынбасары, 1971 – 74 жылы [[әл-Фараби]] атындағы [[ҚазМУ]]-дың доценті, 1974–79 жылы Қазақ КСР Оқу-ағарту минститунің Орта және жоғары білім беретін оқу орындар басқармасының және бөлім бастығы, 1989 жылы [[Куба|Куба Республикасының]] Жоғары педагогикалық институтының кеңесшісі, 1986 жылы [[Талдықорған]] педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарған. Ал 1986 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, профессор 80-нен аса ғылыми еңбектің авторы. <ref name="Source 1">[[Қазақ Энциклопедиясы]]</ref>
==Пайдаланылған cілтемелер==
<references/>
{{stub}}
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Ғылым]]
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%9A%D0%B0%D1%88%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D3%A9%D0%BB%D1%88%D0%B5%D1%83%D1%96%D1%88Қашықтық өлшеуіш2011-09-04T16:28:37Z
Nick jan:
[[Сурет:СТЕРЕОСКОПИЧЕСКИЙ ДАЛЬНОМЕР ДЯ-6 (1).jpg|thumb|Қашықтық өлшеуіш "ДЯ-6"]]Қашықтық өлшеуіш(Дальномер) — жергілікті жердегі қашықтықты тікелей өлшеулерсіз анықтауға арналған
аспап. Артиллериялық атыста, [[бомба]]
тастауда, топографиялық түсіруде,
навигацияда, инженерлік [[геодезия|геодезияда]],
[[астрономия|астрономияда]], суретке түсіру кездерінде
пайдаланылады. Өзгешеленуі: [[электромагниттік толқындар]] және физикалық
табиғи тербелістерді пайдаланушы
диапазонға байланысты — акустикалық,
жарық-қашықтық өлшеуіш (оның ішінде
лазерлі), радиоқашықтық өлшеуіштер
және оптикалык қашықты өлшеуіштер;
ықпал ету принципі бойынша физикалық
Қашықтық өлшеуіш (белсенді) және [[геометрия|геометриялық]] (енжар)
түрлері болады.
[[Санат: Физика]]
[[Санат: Аспаптар]]
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%83%D1%8BҚазақ хандығының құрылуы2011-09-04T15:44:53Z
Nick jan:
[[File:қазақ хандығы.jpg|thumb|200px|Қазақ хандығы]]
'''Қазақ хандығы''' - [[Қазақстан]] аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен [[Қазақстан экономикасы|экономикалық]] даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде [[Әбілқайыр хан]] [[Сығанақ]] түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. [[Мұхаммед Хайдар Дулати|Мұхаммед Хайдар Дулатидің]] [[«Тарихи Рашиди»]] кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - [[Шу]] бойы мен [[Қозыбасы]] деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде [[Керей хан|Керейді]] ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен [[Жәнібек хан|Жәнібекке]] келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі.
Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. [[Орта Азия хандығы|Орта Азия]], [[Астрахан хандығы|Астрахан]], [[Қазан хандығы|Қазан]], [[Сібір хандығы|Сібір хандықтарымен]], [[Ресей|Ресеймен]] тығыз байланыс болды. [[Қасым хан]], [[Хақназар хан]], [[Тәуекел хан |Тәуекел]], [[Тәуке хан|Тәуке хандардың]] есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.
Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.
== Пайдаланылған әдебиет ==
АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ:(елтанымдық және тілтанымдық жинақ).
Құрастырған Е.Е.Тілешов, Г.П.Әріпбек. Астана:"Руханият", 2010ж - 264 бет.
ISBN 978-601-80133-1-7
[[Санат: Тарих]]
[[Санат: Әдебиет]]
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A6%D0%B8%D0%BA%D0%BB%D0%BE%D0%B8%D0%B4%D0%B0Циклоида2011-08-30T13:35:52Z
Nick jan: ЦИКЛОИДА дегенді Циклоида дегенге жылжытты
[[Сурет:Cycloid f.gif|right|thumb|200px|Циклоида]]
'''Циклоида''' (грек. ''Kykloeіdes'' — дөңгелек тәріздес, домалақ) — жазық трансценденттік қисық сызық, түзу сызық бойымен сырғанамай, дөңгелей қозғалатын дөңгелектің берілген нүктесінің сызатын траекториясы.
[[Сурет:Tautochrone curve.gif|right|thumb|200px|Циклоида]]
*: <math>x = rt - r \sin t</math>,
*: <math>y = r - r \cos t</math>.
*: <math>x=r \arccos \frac {r-y}{r} - \sqrt{2ry-y^2}</math>
*: <math>\left(\frac{dy}{dx}\right)^2 = \frac{2r-y}{y}.</math>
Циклоиданың параметрлік теңдеулері мынадай түрде жазылады: , Мұнда r — дөңгелектің радиусы, а — М нүктесінен дөңгелектің центріне дейінгі қашықтық, t — дөңгелектің бұрылу бұрышы. a=r болғанда (М нүктесі дөңгелектің бойында орналасқан) қарапайым Циклоида (m қисық сызығы), а<r болғанда . Циклоида периодты қисық сызық, периоды 2πr. Циклоида механикада, механизмдер теориясында кеңінен қолданылады. “Ц” терминін 1598 ж. Г.Галилей ұсынған.
== Ciлтемелер : ==
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 18 том
[[Санат: Математика]]
[[Санат: Геометрия]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D3%A8%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D1%96%D2%A3_%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%B0%D0%BC%D1%8BӨсімдіктің химиялық құрамы2011-08-27T08:49:58Z
Nick jan:
==Өсімдіктің химиялық құрамы==
[[File:Microbial electrolysis cell.png|thumb|right|600px|Электролиздың микробты торшасы.]]
'''Өсімдіктің химиялық құрамы''' – өсімдік тұлғасын құратын органикалық және минералдық заттар. [[Өсімдік клеткасы|Өсімдік клеткасының]] химиялық құрамында [[су]] – 70%, [[белоктар]] – 15%, [[көмірсулар]] – 3%, [[амин қышқылдары]] – 0,4%, [[нуклеотидтер]] – 0,4%, [[липидтер]] – 2%, [[бейорганикалық заттар]] (Mg, Ca, Mn, Na, K, Fe, Zn, Cu, Mo) – 1,5%, ДНК – 0,5%, РНК – 0,8% болады. Клетканың құрамындағы су бос (95%) және байланыс түрінде (5%) кездеседі. Өсімдіктің химиялық құрамы өсімдік өскен жер жағдайына, жасына, сортына, тәуліктік, вегетац. мерзіміне байланысты өзгеріп отырады.
Әдетте пісіп жетілген тұқымда құрғақ зат мөлшері көбірек болады. Өсімдіктегі макроэлементтердің (құрғақ заттар – [[азот]], [[фосфор]], [[калий]], [[кальций]], [[магний]], [[күкірт]], [[темір]]) мөлшері 0,01 – 5,0%-дай, ал микроэлементтердің ([[бор]], [[молибден]], [[мыс]], [[марганец]], [[мырыш]], [[кобальт]], [[йод]], [[фтор]]) мөлшері 0,001 – 0,00001%-дай болады. Өте аз мөлшерде [[ультрамикроэлементтер]] – [[рубидий]], [[цезий]], [[селен]], [[кадмий]], [[күміс]], [[сынап]], т.б., ал органикалық заттардан – көмірсу ([[қант]], [[крахмал]], [[клетчатка]], [[глюкоза]], [[фруктоза]], [[сахароза]], т.б.), [[белок]], [[май]] болады. Өсімдіктің химиялық құрамындағы органик. заттар мөлшері өсімдік түріне қарай әр түрлі болады. Минералдық заттар тұз түрінде (NaCl, KCl, т.б.) кездеседі, олар клетканың осмостық қысымын және қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті бір қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Май және май тектес заттар өсімдік тұқымы өнген кезде негізгі энергет. зат ретінде пайдаланылады. Өсімдіктегі [[белок]] зат алмасу процесіне қатысып, осы процесті реттейді, ал ферменттер өсімдік тіршілігіндегі биол.-хим. реакциялардың жүруін тездетеді. Өсімдік құрамында түзілетін [[витаминдер]] мөлшері көп болмағанмен, олардың өсімдік тіршілігіне және жануарлар мен адам организміне маңызы зор. Өсімдіктің химиялық құрамын өзгертуде түрлі селекциялық, агротехниакалық, т.б. шаралар қолдана отырып, өсімдіктің майлылығы, қанттылығы, өнімділігі арттырылып, т.б. жаңа сорттар алынады.
==Пайдаланған әдебиетер==
І. Өрісбаев
==Сілтемелер==
*[http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80_%D0%BC%D0%BE%D1%80%D1%84%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B Өсімдіктер морфорлогиясы.]
*[http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80_%D0%A4%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B Өсімдіктер Физиологиясы.]
*[http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80_%D0%B1%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B Өсімдіктер биотехнологиясы.]
*[http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80_%D0%B1%D0%B8%D0%BE%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B Өсімдіктер биохимиясы.]
*[http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80_%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B Өсімдіктер генетикасы.]
[[Санат: Биология]]
[[Санат: Химия]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%B0%D1%8F%D0%BB%D1%88%D0%B0%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%9BҰялшақтық2011-08-27T08:14:38Z
Nick jan:
[[File:Shy Chinese girl.jpg|thumb|180px]]
'''Ұялшақтық''' — [[Адам|адамның]] өз қылықтарының немесе қайсыбір даралық [[Көрініс|көріністерінің]] сол [[Қоғам|қоғамда]] қабылданған және оның өзі де қостайтын [[Норма|нормаларға]], [[Мораль|мораль]] [[Талап|талаптарына]] іс жүзінде сәйкеспеуін ұғынуы не сәйкеспеді деп білуі нәтижесінде пайда болатын [[сезім]]. Ұялу — басқа адамдардың, әдетте жақындарының қылығымен не тұлғалық мінездерінің көрініс беруімен байланысты болуы мүмкін (басқалар үшін ұялу). Ұялшақтық өзіне-өзі қанағаттанбаушылық, көңілі толмаушылық, өзін жазғыру не кінәлау ретінде де туындайды. Ұялшақтықты өзін-өзі кемелдендіру, [[білім]] мен [[біліктілік|біліктілікке]] жету, өз қабілеттерін арттыруға бағытталған [[мінез-құлық|мінез-құлықтың]] қуатты [[қозғаушы күш|қозғаушы күші]] арқылы жоюға болады. Ұялудың бастапқы шегі әркімнің [[құндылық]] бағдарларына, әрбір жеке тұлғаның қасиеттеріне, айналасындағы адамдардың өзі жөніндегі пікірлеріне және [[сезімталдық|сезімталдығына]] байланысты. [[Субъект|Субъектінің]] назарын өзінің мінез-құлқы мен қасиеттеріне шоғырландыратын ұялшақтық адамның өзін-өзі ұғынуын, өзін-өзі бақылауын, өзіне сын көзімен қарауын дамытуға себепші болатын күшті ''[[Рефлекс|рефлексиялы]] [[эмоция]]'' болып саналады.
== Сілтемелер ==
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 9 том
[[Санат: Психология]]
[[Санат: Медицина]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D2%9B%D1%88%D0%B0%D1%81%D1%8BҰрық қабықшасы2011-08-27T06:30:31Z
Nick jan:
[[File:Human fetus 10 weeks - therapeutic abortion.jpg|thumb|left|Ұрық]]
'''Ұрық қабықшасы''', кейбір [[Омыртқасыздар|омыртқасыздарда]], [[шеміршекті балықтар|шеміршекті балықтарда]] және барлық жоғары сатыдағы [[Омыртқалылар|омыртқалы жануарлар]] мен адамда [[ұрық|ұрықтың]] тіршілік етуін және түрлі зақымдардан сақталуын қамтамасыз етеді. Ұрық қабықшасының жұмыртқа қабықшаларынан айырмашылығы, олар жұмыртқа [[Клетка|клеткасының]] жетілу барысында емес, ұрықтың дамып жетілуі кезінде ұрық клеткаларынан түзіледі. Ұрық қабықшасына қағанақ, бүрлі қабықша ([[хорион]]) және зәр қабықшасы ([[аллантоис]]) жатады. Қағанақ ұрықтан тыс [[Эктодерма|эктодерманың]] және бүйір тақташаларындағы сыртқы жапырақшаның бүйірлік қатпарларынан немесе ұрық клеткаларының аралығындағы қуыстың қалыптасуынан пайда болады. Қағанақ қабықшасы қатпарларының сыртқы қабырғасы бүрлі қабықшаны құрайды. Зәр қабықшасының бастамасы ұрықтың ішек түтігінің артқы бөлігіндегі өсіндісі ретінде қалыптасады. [[Бауырымен жорғалаушылар|Бауырымен жорғалаушыларда]] және [[Құстар|құстарда]] зәр қабықшасының пішіні қапшыққа ұқсас болады, ол қарқынды түрде үлкейіп, қағанақ пен сарыауыз қапшығын сыртынан жауып тұрады. Қан тамырларға өте бай болғандықтан зәр қабықшасы ұрықтың тыныс алу мүшесі болып табылады. Зәр қабықшасының ішкі қуысына ұрықтың зат алмасу өнімдері (негізінен несеп) жиналады. Адам мен [[Сүтқоректілер|сүтқоректілердің]] зәр қабықшасы аса үлкен болмайды және оның мезенхимасында ұрықты бала жолдасымен байланыстырып тұратын кіндік тамыры түзіледі. Ұрық дамуының соңғы кезеңдерінде зәр қабықшасының ұрық ішіндегі бөлігінен қуық (сүтқоректілер мен адамда) немесе клоака (бауырымен жорғалаушылар мен құстарда) қалыптасады.
== Сілтемелер ==
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 9 том
[[Санат: Биология]]
[[Санат: Адам]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%AE%D0%B9%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96%D1%88_%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D1%80%D0%BE%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%BFҮйектегіш микроскоп2011-08-25T09:53:13Z
Nick jan:
[[File:Spin Polarized Scanning Tunneling Microscope ANL.jpg|thumb|left|Үйектегіш микроскоп]]
'''Үйектегіш микроскоп''' — [[Минерал|минералдар]] мен [[Тау жыныстары|тау жыныстарын]] зерттеуге арналған [[Оптика|оптикалық]] құрал. Үйектегіш микроскопты алғаш [[Ағылшындар|ағылшын]] ғалымы [[Р.Сорби]] жасаған ([[1858]]). [[Биология|Биологиялық]] [[Микроскоп|микроскоптан]] айырмашылығы оның құрылысында мөлдір [[Исландия]] шпатынан жасалған екі [[призма |призма]] ([[николь]]) бар. Оның біреуі микроскоп үстелшесінің астында орналасқан үйектегіш, ол жарықты бір [[Жазықтық (геометрия)|жазықтықта]] үйектейді. Үйектелген жарық тастілімге түскенде, құрылыс ерекшелігіне қарай тербеліс бағытын өзгертпейді немесе тербелістері бір-біріне [[перпендикуляр]] және жылдамдықтары әр түрлі екі сәулеге бөлінеді. Бұл сәулелер [[Объектив|объективтің]] үстіндегі екінші призмаға (талдағыш) келгенде бір жазықта тербеліп, бір-біріне әсер етіп, қосарланып сыну шамасына сәйкес [[интерференция|интерференциялық]] түс береді. Үйектегіш микроскопты пайдаланып, тау жыныстарының минералдық құрамын, мөлшері мен өлшемін, пішіні мен бір-бірімен қарым-қатынасын, өзгерістерін, құрылымын, қалыптасуын, т.б. анықтауға болады. Минералдарды шоқталған жарық көмегімен үйектегіш микроскопта зерттеу үшін үйектегіштің үстіне ''Лазо'' [[Линза|линзасы]], ал оптикалық қасиеттерін [[Кеңістік|кеңістікте]] зерттеу үшін [[Фёдоров үстелшесі|Федоров үстелшесі]] орнатылады.
== Сілтемелер ==
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 9 том
[[Санат: Биология]]
[[Санат: Құралдар]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%AE%D0%B7%D1%96%D0%BB%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96_%D1%84%D1%83%D0%BD%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8FҮзілісті функция2011-08-25T09:45:33Z
Nick jan:
[[File:Wag 105-2 discontinuous function.jpg|thumb|left|Үзілісті функция]]
'''Үзілісті функция''' — кейбір [[Нүкте (геометрия)|нүктелерде]] (үзіліссіздік шарттары орындалмайтын) үзілісі болатын [[функция]]. Әдетте [[математика|математикада]] үзіліс нүктелері оңашаланған нүкте болып келген функциялар жиі кездеседі. Бірақ барлық нүктесі үзіліс нүктесіне жататын функциялар да болады. Мысалы, [[Дирихле]] функциясы егер ''х'' [[Рационал Сан|рационал сан]] болса, онда ''f(x)=0'', ал ''х'' [[иррационал сан|иррационал сан]] болса, онда ''f(x)=1''. Барлық жерде жинақты үзіліссіз функциялар тізбегінің шегі үзілісті функция болуы мүмкін. Мұндай үзілісті функциялар [[Бэр]] бойынша 1-класс функциясы болады. [[А.Лебег]] үзілісті функциялардың кең класын [[Интеграл|интегралдау]] [[теория|теориясының]] негізін салды. Үзілісті функциялардың маңызды кластарының бірі өлшемді функциялар класы. [[Н.Н. Лузин |Н.Н. Лузин]] мейлінше аз өлшемді жиында функцияны өзгерту жолымен үздіксіз функцияға келтіруді көрсетті. Көп айнымалылардан тәуелді функцияларда жеке үзіліс нүктелерінен басқа үзіліс сызықтары мен үзіліс беттері де қарастырылады.
== Сілтемелер ==
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 9 том
[[Санат: Математика]]
[[Санат: Геометрия]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A5%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B0_%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%8FХорда планиметрия2011-08-24T10:28:39Z
Nick jan:
[[Сурет:Chord, segment, secant line, arc.svg|thumb|2 — '''хорда''']]
'''Хорда''' (грек.chorde — шек) — [[математика|математикада]] қисық сызықтың немесе беттің кез келген екі [[нүкте|нүктесін]] қосатын түзу сызықты [[кесінді]].
[[Санат: Математика]]
[[Санат: Геометрия]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A4%D1%80%D0%B5%D0%BD%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80Френулаталар2011-08-24T06:04:00Z
Nick jan:
[[Сурет:Nur04505.jpg|thumb|right|[[Погонофоралар]]]]
'''Френулаталар (Frenulata)''' — [[погонофоралар]] типінің бір класы. [[Мұхит|Мұхиттар]] мен [[теңіз|теңіздерде]] тіршілік етеді. Денесінің алдыңғы ұшында бір клеткалы пиннулалары (бунақты өскін) бар қарапайым немесе қауырсын тәрізді қармалауыштары және кутикулалы жүгені (frenulum) орналасқан. Аталықтарының ұрық жолдарында сперматофоралар] қалыптасады. Белдеулерінде және денесінің артқы бөлімінде қарапайым тісті қылтандар метамерлі түрінде орналасқан. Френулаталардың 2 отряды бар: [[атеканефриялар|атеканефриялар (Athecanephrіa)]] және [[теканефриялар|теканефриялар Thecanephrіa)]].
==Сілтемелер==
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 9 том
[[Санат: Биология]]
[[Санат: Погонофоралар]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A4%D0%B0%D0%BD%D0%B3%D1%82%D0%B5%D1%80Фангтер2011-08-23T17:18:05Z
Nick jan:
[[Сурет:Fang Christians (c.1912).jpg|thumb|Фангтер]]
[[Сурет:Fang mask Louvre MH65-104-1.jpg|thumb|Фангтының перде]]
'''Фангтер''', [[пангвелер]], [[пахуиндер]], [[фанвелер]], [[мфанг|мфангтар]] — [[Орталық Африка|Орталық Африканың]] жергілікті тұрғындары бантулар құрамына кіретін халықтар тобы. [[Камерун]],[[ Габон]],[[ Конго]], [[экватор|экваторлық]] [[Гвинея|Гвинеяда]] тұрады. Жалпы саны 3 млн. адам (2003). Фангтерге [[яунде]], [[этон]], [[булу]],[[ бене]], [[бети]], [[мвеле]], [[мваэ]], [[тсинг]],[[ баса]], [[гбидил]], [[нтум]], т.б. жатады. [[Антропология|Антропологиялық]] жағынан экваторлық нәсілге жатады. Яунде немесе эвондо, фанг немесе фанве, булу, бене, бети, мвеле тілдерінде (диалектілері көп) сөйлейді. Көпшілігі дәстүрлі (түрлі культтар) діндерді ұстанғанымен, араларында католиктер, протестанттар бар. Дәстүрлі ш. — егіншілік. [[Элевсина]], [[сорго]],[[ жүгері]], [[арахис]], [[ямс]], [[маниок]], түрлі көкөністер өсіреді. Қолөнерінде ағаш пен сүйек өңдеу, себеттер тоқу, ұсталық, құмырашылық дамыған. Қоныстарындағы үйлер ұзына бойы орналасқан. Олардың жоспары тік бұрышты, каркасты, қабырғалары өріліп, төбесі екі не төрт жаққа қарай биік етіп көтеріледі. Белдерін ерлер қабықпен, әйелдер кепкен шөппен жауып жүрген. Көсемдері иығына леопард терісін жамылған. Дәстүрлі тағамдары көкөністерден жасалған ботқа түрлерінен тұрады. Аналық ру ұйымы, үлкен отбасылар, құпия одақтары болған. Өзіндік бай [[фольклор|фольклоры]] сақталған.
==Сілтемелер==
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 9 том
[[en:Beti-Pahuin#Fang]]
[[fr:Fangs]]
[[it:Fang]]
[[nl:Fang]]
[[sl:Fangi]]
[[uk:Фанґ]]
[[Санат: География]]
[[Санат: Халықтар]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A3%D3%99%D0%BB%D0%B8_%D1%85%D0%B0%D0%BDУәли хан2011-08-22T15:10:28Z
Nick jan:
'''УӘЛИ''', '''Уәли хан''' (1738/41 – 1821) – [[Орта жүз]] ханы (1781 – 1821). [[Абылай хан|Абылай ханның]] екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үлкен ұлы. Жасынан [[БИЛІК|билікке]] араласып, [[арғын]] тайпасының билеушісі болды, бірнеше рет әкесінің тапсырмасымен елшіліктерді басқарды. Абылай қайтыс болғаннан кейін, Орта жүз өкілдерінің құрылтайында хан сайлау негізінде билікке келді. Таққа отырысымен [[Ресей империясы|Ресей]] және [[Қытай]] билеушілеріне елшілік аттандырды. [[1782]] жылы 25 ақпанда императрица [[Екатерина II|Екатерина ІІ]] Уәлиді Орта жүздің ханы деп танитындықтары жөнінде грамота жіберді. Көп ұзамай Уәлиді билеуші деп танитындықтары жөніндегі осындай грамота [[ЦИНЬ ПАТШАЛЫҒЫ|Цин императоры]] тарапынан да келді. Уәли ішкі-сыртқы саясатта әкесі [[Абылай хан|Абылайдың]] ісін әрі қарай жалғастырушы болды. Ол [[Орта жүз]] руларының ішіндегі тұрақтылықты сақтай отырып, сыртқы саясатта Ресей мен Қытайға тең қарым-қатынас жасауға тырысты. Ресей өкіметі өз тарапынан Уәлидің Қытаймен байланыстарына тыйым салуға ұмтылды. Казак әскерлерін жіберіп, хан сарайына келе жатқан Қытай елшілерін орта жолдан қайтарып отырды. Дегенмен, Уәли Қытаймен қарым-қатынасын тоқтатқан жоқ. Орта жүзге ықпалын күшейту үшін патша өкіметі шекаралық шепті қазақ даласының ішіне жылжыта бастады. Ресейдің ықпалын бәсеңдету мақсатында Уәли Қытай үкіметімен және [[Бұхар Хандығы|Бұхар хандығымен]] байланысын күшейтті. Патша өкіметінің үсті-үстіне жасаған қысымына қарамастан Уәлидің алғашқы он жылдық билігі тыныш жағдайда өтті. Алайда 18 ғасырдың аяғына қарай Уәлидің ішкі саясатына кейбір қазақ рулары тарапынан қарсылық күшейді. Олар 1795 жылы Ресей патшасына ханның үстінен наразылық хат жазды. Сол жылы 2 сұлтан мен 19 би қарамағындағы 120 мыңнан аса адамымен орыс шекарасына жақын жерлерге көшіп барып, өздерінің патша өкіметіне тікелей бағынғылары келетінін мәлімдеді. Бірақ өзінің дипломатиялық шеберлігі арқасында Уәли бұл жанжалды ушықтырмай, өз пайдасына шешті. Дегенмен, ол 1803 – 05 жылы өз қарамағындағы қазақ рулары мен сұлтандарды [[Сырдария|Сырдарияға]], [[Шығыс Түркістан|Шығыс Түркістанға]] көшуге үгіттеді. Патша өкіметі қазақ руларының оңтүстік-шығысқа көшіп кетуіне жол бермеу үшін Уәлимен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Уәлидің негізгі қонысы [[Есіл (өзен)|Есіл өзен]] бойында Көкшетау мен Шыңғыстау аралығында орналасты. Бас ордасы Бурабай көлінің маңайында (Ханкөл, Қызыл ағаш), екінші ордасы Көкшетаудың шығысындағы Сырымбет қыстауында болды. Ол ішкі-сыртқы саясатта әкесі Абылайдың ісін жалғастырып, қазақ хандығының дербестігін сақтауға тырысқанымен 19 ғасырдың басында қалыптасқан саяси ахуал оған мүмкіндік бермеді. Ресей өкіметі қазақ даласындағы хандық басқару жүйесін құлату үшін барлық амалдарды қолданды. Нәтижесінде Уәлидің билігі бірте-бірте әлсірей бастады. Уәлидің билігін одан әрі әлсірету үшін патша өкіметі қазақ рулары арасында ішкі қайшылықтарды пайдалану арқылы 1816 жылы Барақтың тұқымы Бөкейді Орта жүздің 2-ханы етіп бекітті. Уәли Ресей, Қытай және [[Орталық Азия]] мемлекеттері толық мойындаған соңғы қазақ ханы болды, ол қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай патша өкіметі Орта жүзде хан сайлауды мүлдем тоқтатты. Уәлидің 2 әйелінен 14 ұлы болған. Оның ішінде мұрагері болып саналатын Ғұбайдолла мен кіші әйелі Айғанымнан туған [[Уәлиханов, Шоқан Шыңғысұлы|Шыңғыс Уәлиханов]] [[Көкшетау]] және [[Құсмұрын]] округтерінің алғашқы аға сұлтандары болып сайланған. Даңқты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов Уәлидің немересі.
[[Санат: Тұлғалар]]
[[Санат: Тарих]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D1%96%D1%80_%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8BТемір кентастары2011-08-22T06:34:37Z
Nick jan:
[[Сурет:HematitaEZ.jpg|300px|right]]
'''Темір кентастары''' – [[темір]] металын бөліп алу [[экономика|экономикалық]] жағынан тиімді саналатын табиғи [[минерал|минералдық]] түзілімдер. Темір кентастары минералдық құрамы, темірінің мөлшері, пайдалы және зиянды қоспалары, түзілу жағдайлары, өндірістік қасиеттері жағынан әр түрлі болып келеді. 300-дей минералдарының ішінде кентас құрайтындары: магнетит, [[гематит]], магномагнетит, мартит, [[гетит]], гидрогетит, сидерит, сидероплезит, шамозит, тюрингит, липидокрокит, титаномагнетит. Өндірістік кентастардағы темір мөлшері 16 – 70% аралығында. Пайдалы қоспаларына Nі, Co, Mn, W, Mo, Cr, V тағы басқа; зиянды қоспаларына S, P, Sn, Pb, As, Cu, тағы басқа жатқызуға болады.
Темір кентастары бай (Fe50%), орташа (Fe30 – 50%), жұтаң (Fe25%) болып бөлінеді. Магматогендік, экзогендік және метаморфогендік процестерге байланысты қалыптасқан кендерді магниттік, сеперациялық, гравитациялық әдістермен өндіреді.
Магмотогендік тип магмалық, жапсарлық-метасоматикалық (скарндық), гидротермалдық болып жіктеледі (Соколов, Сарыбай кендері). Экзогендік типтегі шөгінді кендер теңізге, көлге, өзен маңайына көшіріліп әкелінген тау жыныстарынан немесе хим. тұнбалардан түзіледі (Кривой Рог, [[Курск]] магнит аномалиясының кендері). Метаморфогендік типтің кендері шөгінді, жанартаутекті тау жыныстарының жоғары темп-ра мен қысым жағдайында күшті өзгеруінен және минералдардың өзара ауысуынан қалыптасады. Темір кентастарынан негізінен шойын, болат, ферроқорытпа балқытылады. Қазақстандағы темір кентастарының басты белдемдері: [[Атасу]], [[Қостанай]], Қарсақбай, [[Жуантөбе]].
==Пайдаланылған әдебиет==
*[[Қазақ энциклопедиясы]], 8 том
[[Санат: Металлургия]]
[[Санат: Химия]]
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A0%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%96%D0%BA_%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%8FРентгендік астрономия2011-08-15T05:22:35Z
Nick jan: Рентгендік Астрономия дегенді Рентгендік астрономия дегенге жылжытты
'''Рентгендік Астрономия''' – [http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%8F астрономияның] [http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%92%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%88 ғарыш] нысандарын олардан келетiн [[рентген]] сәулелерi арқылы зерттейтiн бөлiмi.[[File:M87 VLA VLBA radio astronomy.jpg|thumb| alt=A.| ''[[Астрономия]]''.]]
[[Аспан денелерi|Аспан денелерiнiң]] көбi рентген сәулелерiн шығарады. Күн тәжi – толқын ұзындығы 10–100Е болатын қарқынды рентген сәулелерiнiң көзi. Күнге жақын планеталар мен [[Ай]] [[Күн|Күннен]] шығатын [[протон|протондар]] ағыны әсерiнен өздерi рентген сәулелерiн шығарады. Олардан келетiн сәулелердi зерттеу арқылы сол нысандардың құрамы, құрылысы, т.б. қасиеттерi туралы мәлiметтер алуға болады.
[[Санат: Астрономия]]
[[Санат: Физика]]
{{stub}}
{{wikify}}
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A5%D0%B0%D2%9B%D0%BD%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BDХақназар хан2011-07-12T09:34:02Z
Nick jan:
'''Хақ-Назар хан'''<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2 </ref> — ([[1538]]—[[1580]]) билік құрғаны.Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
==Билігі==
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және [[Бұйдаш хан]] тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді.[[1523]]—[[1524]] жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «''қазақтар мен қырғыздардың патшасы''» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, [[Моғолстан]] хандарының [[Жетісу]] мен [[Ыстықкөл]] алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп [[1552]] жылы Қазан хандығын, [[1556]] жылы [[Астрахань]] хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, [[Еділ]] мен [[Жайық]] арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.
{{Infobox Monarch
| name = Хақ-Назар хан
| title = Хан
| caption =
| reign = [[1538]]—[[1580]]
| coronation = [[1538]]
| othertitles =
| full name = Қасымұлы Хақ-Назар (Ақназар)
| predecessor = [[Бұйдаш хан]]
| successor = [[Шығай хан]]
| suc-type =
| heir =
| queen =
| consort =
| issue =
| royal house = [[Орыс хан]] үйі
| royal anthem =
| father = [[Қасым хан]]
| mother =
| date of birth =
| place of birth =
| date of death =
| place of death =
| date of burial =
| place of burial =
| notes =
==Ноғай ордасы==
Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. Оларды Хақназар хан қарсы алып отырды. Ноғай ордасын билеушілерінің бірі Ысмағыл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағыл мырзамен соғысты. Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда болды. [[Ысмағыл]] мырзаның тобы Москва княздығына қосылуды жақтады, оған қарсы топ Қазақ хандығына қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды пайдаланған қазақ ханы Хақназар [[Ноғай]] ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың кіші жүзі алшын одағына енген тайпалар) өзіне қосып алды. [[1557]] жылы Ноғай мырзасы Ысмағыл орыс патшасы [[Иван IV]]: «''Менің туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында, бізден қалып қойып, қазақ патшасына қосылып кетті''» деп арыз айтты. Хақназар хан Ноғай ордасының ыдырауын пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды қазақ хандығына қосып алумен ғана тынбады, Ысмағыл мырза бастап, батысқа қарай ауған ноғайларға қуалай шабуыл жасап, оларды одан әрмен ығыстырып, ірге кеңейту әрекетін жасады. Орыс патшасы Иван IV-нің ноғай арасына жіберген елшісі Семен Мальцев 1569-жылы орыс патшасына: «''Хақназар патшаның, Шығай ханзаданың, Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен қоса 20 ханзада ноғайға келіп, ұрыс болды''» деп хабарлаған. Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа қарай ауған ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон сахараларына қарай кетуіне себеп болған көрінеді. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уәлиди: «''[[1969]] жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп, Ысмағылдың баласы Орыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай мырзалары ақырындап елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды''» дейді. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай одағы ішкі [[феодалдық]] қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, [[1569]] жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай одағының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да қазақ хандығына өттіі. Бұл қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және қазақтаардың этникалық территориясыын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар ноғайлы дәуірінде жасалған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, «''Қырық батыр жыры''» сынды алып эпос қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды.
==Өзгерістер==
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. [[1563]] жылы [[Сібір хандығы|Сібір хандығының]] билігін тартып алған [[Көшім хан]] ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «''қастаспай дос болып, өзара көмектесу''» жөнінде «''анттастық шарт''» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды.
XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
==Бұхара хандығы==
[[Бұхара]] ханы [[Абдолла ІІ]] ([[1557]]—[[1598]]) тұсында [[Ташкент]] маңын Норозахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға бағынбай өз алдына тұрды. Үнемі Абдолла ханмен соғысты. Сөйтіп, Баба сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп шығуға әрекет етті. Қазақ ханы Хақназар өзбек хандарының өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлтанды қолдап екеуін де әлсіретуге, осы арқылы өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып бақты. [[1579]] жылы Абдолла хан екінші шеру тартып Баба сұлтанға қарсы жорық жасады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сұлтанға қарсы күресін қолдады. Қазақ хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қайтарып алды. Бұдан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан қазақ хандығына [[Түркістан]], [[Сауран]] қалаларын бергенде, қазақ сұлтандары бір мезгіл Баба сұлтанды қолдады. [[1579]] жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандары әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ бұл астыртын әрекетті сезген Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді. Іле-шала оның астыртын жіберген адамы [[1580]] жылы Хақназар ханды өлтірді.
==Аңыз==
Қазақ жүздерінің бөлінуі жөніндегі халық аңыздарының Хақназар есімімен байланысты екенін ғылым да жоққа шығармайды.
Қазақ жүздерінің Хақназар тұсында пайда болғанын ауыз әдебиетіміздің асыл мұраларының бірінде:
"''Алаштан қазақ тараған, Ноғайлыға қараған''.
''Жауға алдырмай ноғайлар, Бір-біріне жараған''.
''Ноғайдан қазақ бөлініп, Үш жүз болып тараған''"—, деген тарихи жолдар дәлелдей түседі. Алғашқы жол қазақтың тегі алты алаштың бірі екенін меңзесе, екінші жол қазақ хандығы ыдырап елді жекелеген сұлтандар бастап қазақтардың Ноғай ордасына қарап кеткен кезін көрсетеді. Шумақтың үшінші, төртінші жолы құлауға айналған хандықтың елін еншілеп, жерін кеңейтіп алуға ұмтылған қырда қалмақтардың, ойда шайбанилықтар мен моғолстандықтардың әрекетінен көрініс береді. Бұл жоғарыда айтылған Хақназар бастаған қазақтардың төрт тарапта майдан ашып жүрген кезіне тұспа-тұс келеді. Және Ноғай ордасының орыс бодандығына қарап, Қазақ хандығынан біржола ірге ажыратқан кезінен хабар береді. Міне, қазақ жүздерінің де пайда болған кезі осы тұсқа келеді. Жырау жырлаған "''Ноғайдан қазақ бөлініп, үш жүз болып тараған''", — деген жолдар осыған куә.<ref> Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 </ref><ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272-2 </ref>
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
[[Санат:Тұлғалар]]
[[Санат:Хан]]
[[Санат:Х]]
{{Stub}}
{{wikify}}
[[ru:Хак-Назар-хан]]
Nick janhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A1%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D0%BC_%D0%96%D3%99%D2%A3%D0%B3%D1%96%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BDСалқам Жәңгір хан2011-07-07T09:41:06Z
Nick jan:
{{Infobox Biography
|subject_name = Жәнгір хан
| image_name =
| image_size =
| image_caption =
| date_of_birth = белгісіз
| place_of_birth =
| date_of_death = [[1652]]
| place_of_death =
| occupation = [[Хан]]
| spouse =
'''Салқам Жәңгір''' Туған жылы белгісіз, 1652 жылы өлген. [[Есім хан|Есім ханның]] үлы. Ол хан тағына [[Есім хан]] өлген соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен. Оның түсында [[Батыр Қонтайшы|Батыр қонтайшы]] басқарып отырған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар [[Қазақ хандығы|Қазақ хандығына]] үздіксіз шабуыл жасап түрды. Жөңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Жәңгір ханның ордасы [[Түркістан (қала)|Түркістанға]] таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан [[Бұхар Хандығы|Бүхар хандығымен]] одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға үмтылды. Мүның бөрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде [[Қазақ хандығы |қазақ хандығы]] мен [[Ойраттар|ойрат жоңғарлары]] арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және [[Сырдария|Сырдария өзені]] бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан түсында [[Қазақ хандығы|қазақтар]] мен [[Ойраттар|ойрат жоңғарлары]] арасында үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас — 1635 жылы, екіншісі — 1643-1644 жылдары, үшіншісі — 1652 жылы. 1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне [[Батыр Қонтайшы|Батыр қонтайшы]] бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы түрды. Бүл үрыстың нақты нөтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның түтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып қүтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап түрады. Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазак жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды түтқынға түсіреді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен [[Самарқан]] билеушісі [[Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы|Жалаңтөс Баһадүр]] келеді. [[Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы|Жалаңтөс Баһадүр]] қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бүл шайқаста жеңіске жетеді. [[Батыр Қонтайшы|Батыр қонтайшы]] шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске үшыраған жоңғарлар бүл рыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бүл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген. Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бүл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның үлдары [[Тәуке хан|Тәуке]] мен Апақ сүлтандарға жүктелді. 1643-1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мүқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643-1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, [[Сібір хандығы|Сібірдегі]] орыс қалаларынан кару-жарактар және оқ-дәрілер сатып алады.
1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске үшырап, Жәңгір хан қаза табады.<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2</ref><ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272-2 </ref>
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
[[Санат: Ж]]
[[Санат: Шыңғыс ханның ұрпақтары]]
[[Санат: Қазақ хандары]]
{{stub:Тұлғалар}}
{{wikify}}
[[ru:Жангир хан]]
Nick jan