Өтімділік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:10, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Kazakhstan-2011-Bill-2000-Obverse.jpg
ҚР 2000 тенгелік купюрасы

Өтімділік (Өтемпаздық)пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудыңқолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады. Оның көрсеткіштерінің бірі – ақшалай қаражат пен тез өткізілетін активтердің міндеттемелер сомасына қатынасы. Өтімділік қозғалысы дегеніміз қолма-қол ақшаның ағылып келуі мен оның төлемдері‚ кез келген уақытта қолда болатын ақшалай қаражаттың мөлшері. Кәсіпорынның нарықтағы‚ сыртқы экон. және басқа қызметтегі шешуші жағдайы қолма-қол ақшаның қозғалысы көрсеткішімен айқындалады. Активтердің өткізілу дәрежесіне қарай оларды мынадай топтарға бөлуге болады:

  1. Өтімділігі жоғары топтар – ақша‚ алтын‚ ағымдағы шотта тұрған қаражат‚ қысқа мерзімді мемл. бағалы қағаздар‚ вексельдер‚ тез сатуға болатын мүлік‚ т.б.;
  2. Өтімділікгі орташа топтар – меншікті бағалы қағаздар‚ жөнелтілген тауарлар‚ көрсетілген қызметтер‚ орындалған жұмыстар бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек;
  3. Өтімділікгі төмен топтар – тауар-материалдық құндылықтар‚ негізгі құрал-жабдық.
    Түрлі мақсаттар үшін фирмалар балансының өтемпаздығын талдап‚ бағалау кезінде аудиторлар әдетте мынадай көрсеткіштерді қолданады:
  • Меншікті айналым капиталы – айналым капиталы мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырма;
  • Өтімділік коэффициенті – өтімділікгі жоғары активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы ара салмақ;
  • Өтеу коэффициенті – айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы ара салмақ.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Өтімді қаражат

Қарыз міндеттемелерін жабу үшін пайдаланылатын ақша қаражаттары мен басқа активтер. Өтімді қаражатқа: қолма-қол ақша қаражаты, шоттағы және банктегі ресурстар, құнды қағаздар мен айналым қорындағы жеңіл өткізілетін элементтер кіреді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Economy-stub