Өтеген Өтеғұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:53, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography

Өтеген Өтеғұлұлы

Өтеген Өтеғұлұлы, Мүйізді Өтеген – батыр,жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен батыр, қолбасшы. 1699 жылы Шу өзенінің бойындағы Изенді өңірінде дүниеге келгіп,1773 жылы Іле өзенінің бойындағы Шолақтау, Шеңгелді өңірінде көз жұмған.<ref>Вопросы истории Казахстана и Восточного Туркестана, А.-А., 1952;</ref> Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан.


Бабасы Сырымбет 1643 жылы Батыр Қонтайшының 50 мың әскеріне соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқан. Өтеген 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысқан. Қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болған.<ref>Ысқақбай М., Мүйізді Өтеген, А., 1999</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Шайқастары

Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Ӏле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаган Төле би өскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жылы шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар. Өтеген батыр — ел арасында аңызға айналған адам.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Тарихтағы ізі

Оны алғаш жырлаған Сүйімбайдың бабасы Күсен ақын.<ref>Жолдасбеков М., Асыл сөздің атасы, А., 1996;</ref> Өтеген батыр жайында тарихи дерек жинаган тарихшы Делебаевтың материалына қарағанда, Тілеміс, Майкөт ақындар да батырды дастан етіп жырлаған екен. Бүлардың ішінде бізге жеткені — Жамбылдың "Өтеген батыр" дастаны. Кенен Әзірбаев пен Делебаев дерегіне қарағанда, Өтеген батырдан — Тарпаң, одан Бименбет — Толымбек — Жолдасбай. Соңғы ұрпағы Жолдасбай 1956 жылы Жамбыл облысы, Красногор ауданы, "Кеңес" колхозында тұрған. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға өдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.С.Смирнова, С.Беғалиндер қатысқан. Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар. Халық аңыздарында Өтегеннің жүрегінде түк бар екендігі туралы айтылады. Бұл тектен тек емес. Енді бір аңыздарда Өтеген туғанда оның маңдайында қос мүйіз болған екен деседі жұрт. Біз білетін Шығыс, Азия тарихына қатысты әдеби туындыларда ондай мүйізді асыл тек Ескендір Зұлқарнайын ғана. Қазақ батырлары шежіресінде мұндай нысаналы бейне жалғыз Өтеген батыр.<ref>Жамбыл. Таңд. шығ., А., 1996;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өтеген Өтеғұлұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}