Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:51, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Ғалым

Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов (23 ақпан 1950, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан15 қыркүйек 2012, Тараз, Қазақстан<ref>Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов — Егемен Қазақстан газеті</ref>) — техника ғылымдарының докторы, профессор, Халық­ара­лық инженерлік академиясының академигі, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ректоры қызметін атқарған.

Өмірбаяны

Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов 1950 жылдың 23 ақпанында Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген. Ленсовет атындағы Ленинград технологиялық институтын үздік бітірген. Техника ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1973 жылы бастаған. 1973-1978 жылдары — Жамбыл гидроме­лио­ративтік-құрылыс институтының аспиранты, Ленинград технологиялық институтының аспиранты болып жұмыс істеген.

1978–1989 жылдары — доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, Жамбыл гидро­ме­лио­ративтік-құрылыс институты партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды.

1992–1994 жылдары — «Қазфосфор» қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Қаратау» холдингтік компаниясының бірінші вице-президенті, қазақ-лихтенштейндік «INKO» бірлескен мекемесінің бас директоры болған.

1994–1995 жылдары — 13-ші сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1995–1996 жылдары — Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, Көлік, өнеркәсіп, энергетика және байланыс комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген.

1996–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы болды. 1999-2008 жылдары ҚР Білім және ғылым вице-министрі, Ш. Есенов атындағы Ақтау, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттерінің, Қазақ­стан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметтерін атқарған.

2008 жылдан бастап М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры болды.

Марапаттары

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Астана», «Қа­зақ­стан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Рес­публикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «А.Байтұрсынов», «Международное движение «Доброта спасет мир» медальдарымен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Білім беру саласының үздігі» және «Алтын барыс».

Дереккөздер

<references/>