Әліби Тоқжанұлы Жанкелдин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:30, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Жанкелдин.jpg
Әліби Тоқжанұлы Жангелдин

Әліби Тоқжанұлы Жанкелдин (1884, Торғай облысы, қазіргі Жангелді ауданы, Қайдауыл ауылы - 14 тамыз 1953, Алматы) — Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны

  • Әліби 10 жаста болғанда сапарда жүрген Торғайлық қолөнер мектебінің мұғалімі оның есте сақтау және тез үйрену қабілеттерінің жақсы жетілгенін байқап мектепке шақырады. Одан кейін көп ұзамай Әліби үйінен қашып, керуенге ілесіп Торғайға жетеді. Торғайда мектепке түсіп оқушылармен, мұғалімдермен танысып, достық орнатады, әсіресе жер аудартылған бір еңбек мұғалімімен өте тығыз, жай ғана мұғаліммен оқушы арасындағыдан әлде қайда артық достық орнайды. Дәл осы жерде ол аты аңызға айналған батыр Амангелді Имановпен бірінші рет кездеседі. Көп ұзамай әкесі оны іздеп тауып үйіне қайтарады.
  • Үйінде болған кезде қазақ даласындағы орын алып жатқан әділетсіздікті көріп үйінен екінші рет қашып Қостанайға барады. Сол жерде өзінің ерекше есте сақтау қабілеті және Торғайда алған білімінің арқасында орыс-қазақ мектебіне түседі. Бұл кезде ол 12 жаста болған. Алайда, бұл жерде де әкесі тауып алып, үйіне қайтарайын деген кезде аса құрметті мектеп директорының сұрауы бойынша Әлібиді сол жерде қалдыруға келіседі. Бір ғана жыл ішінде бүкіл материалды меңгеріп, барлық емтихандарды үздік тапсырып, мектепті бітіреді.
  • Одан кейін мектептің бағытымен Орынбордағы рухани консисторияға түседі. Бұл жерде де емтихандарда бағдарламадан әлде қайда ертерек тапсырып, Қазан қаласындағы мұғалімдер семинариясына кетеді. Кейін оны Мәскеу қаласындағы академияның тарих факультетіне аударады, бірақ та 1905 жылы революцияға қатысқаны үшін 2-ші курста оқудан қуылды.
  • Дәл осы кезде Әлібиде бір дүниені, басқа халықтардын тұрмысын тануға деген құштарлық пайда болады. Сөйтіп 1910 — 1912 жылдары «Николай Степнов» деген атпен Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, Азия елдеріне жаяу саяхат жасады.
  • 1911 жылы Женевада В.И. Ленинмен кездесті.
  • 1913 жылы Қазақстанға оралып, революциялық жұмыс жүргізді. Өкіметтің қуғындауынан Қырымға кетті, кейін Петроградқа ауысты.
  • 1916 жылы Торғайға келіп, А. Имановпен бірге ұлт-азаттық көтерілісті басқарды.
  • 1917 жылы Уақытша үкіметке қарсы күрес ұйымдастырды, бұқара халық арасында большевиктер идеясын насихаттады.
  • 1917 жылы қарашада РКФСР Халық комиссарлары Кеңесі Жанкелдинді Торғай облысының төтенше соғыс комиссары етіп тағайындады. 1-ші Торғай облысы Кеңестердің съезінің төрағасы.
  • 1918 жылы мамырда Дала өлкесінің төтенше комиссары болды. Ол халық арасында шебер ұйымдастырушы, жалынды насихатшы, әскери басшы және саяси қайраткер ретінде танылды.
  • 1918 жылы В.И. Лениннің тапсырмасымен Астархан арқылы Ақтөбе майданына қаржы, қару-жарақ жеткізген отрядты басқарды. Қызыл Әскердің бөлімдерін ұйымдастыруға, Кеңес өкіметін нығайтуға іскерлік пен басшылық етті.
  • 1919 жылы шілде — 1920 жылы қазан — Қырғыз-Қазақ өлкесін басқару жөніндегі соғыс революциялық комитет төрағасының орынбасары.
  • 1920 жылы қазан айынан ҚАССР ОАК Төралқа төрағасының орынбасары және ҚАССР Қамсыздандыру хал-комы.
  • 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі, 1951 жылы оның төрағасының орынбасары болды.
  • 1920 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің және ҚАССРО мүшесі, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. РК(б)П 13-съезінің делегаты (1924).

Марапаттары

Есте қалдыру

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер