Әлия Қаһарманқызы Бөпежанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:01, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға Әлия Қаһарманқызы Бөпежанова (1952 жылы 4 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакентте туған) — журналист, аудармашы, әдебиеттанушы, сыншы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (2002). Қазақстан Журналисттер Академиясының Академигі. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі (2008 жылдан).

Өмірбаяны

Шығармалары

  • "Өрнектер". Әдеби сын кітабы. 1991.
  • "Дүние - имани құбылыс". Әдеби сын кітабы. 2001.
  • "Өнер - жеке тәжірибе". Әдебиет, театр сыны. 2007.
  • "Мәдениет - жасампаз сана". Мәдениет, өнер сыны. 2008.
  • "Атырау облыстық драма театры". Зерттеу. 2015.
  • Мақалалары бірнеше ұжымдық жинақта, шетелдік басылымдарда жарық көрген.

Аудармалары

И.Ракша. "Қайран, дүние..." Повестер жинағы, 1985. Д.Бидни, Малиновский, Леви-Строс. Философиялық-мәдениеттанушылық еңбектері ("Мәдени мұра" жобасы, 2004-2005) А.Лауринчюкас. "Соңғы аманат". Драма, 1985 Р.Солнцев. "Мұнар да мұнар, мұнар күн..." Драма, 1987. П.Какабадзе. "Үш ару". Драма, 2014.

М.Әуезов театрының сахнасында қойылған аудармалары

Е.Замятин. "Еділ патша". Трагедия. 1996 В.Смехов. "Әлі баба және қырық қарақшы", Мюзикл, 1998. А.Чехов. "Апалы-сіңлілі үшеу". Драма, 2013. Шекспир. "Отелло". Трагедия. Сахналық нұсқа, 2014

Кітап жобалары

Жазушы-драматург А.Сүлейменов (1996, 2001, 2007, 2009), көрнекті сахнагерлер Ф.Шәріпова (2006), Ә.Молдабеков (2007), Е.Жайсаңбаев (2010), сондай-ақ Х.Елебекова (2012), Е.Обаев (2011), Т.Тасыбекова (2013), жазушы, режиссер С.Нарымбетов (2009) шығармашылықтары бойынша.

Марапаттары

Дереккөздер

  • "Тараз" энциклопедиясы. "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 2003
  • "Қазақ әдебиеті" энциклопедиялық анықтамалығы. "Аруна" баспасы, 2005.
  • Қазақстан жазушылары: Анықтамалық. "Ан арыс" баспасы, 2009.
  • Республикалық театр фестивалі анықтамалығы, Астана, 2015.
  • "Атырау облыстық драма театры" кітабы, "Бейбарыс" баспасы, 2015

Шығармалары

  • Алғашқы рецензия, сын мақалалары «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жастар жастар туралы», «Сөзстан», «Уақыт және қаламгер» жинақтарында жариялайды. «Өрнектер» (1991) әдеби сын, «Дүние — имани құбылыс» (2001) әдеби сын, өнер, мәдениеттанушылық жинақтарының, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Сүлейменов шығармашылығы бойынша «Парасат падишасы» (1998), «Болмыспен бетпе-бет» кітаптарының (2001), «Кек» драмалық (2001) жобаларының авторы.
  • Көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп келеді: А.Кимнің, сондай-ақ Азия жазушыларының әңгімелерін (1979,1984), И.Ракшаның «Қайран, дүние» (1985) повестер жинағын, А.Лауринчюскастың «Соңғы аманат» (1987), Р.Солнцевтің «Мұнар да мұнар, мұнар күн» (1989) драмаларын, Е.Замятиннің «Еділ патша» («Атилла», 1996) трагедиясын, В.Смеховтвщ «Әлибаба және қырық қарақшы» (1998) мюзиклі («Мың бір түн» желісімен) және әдеби-сыни, мәдени-философиялық көптеген мақалаларды орыс тілінен қазақшаға аударды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}